2020,май,17 Отбасы күні


Құрметті отандастар!
Біз барлық қазақстандықтарды шын жүректен "Отбасы күні" мерекесімен құттықтаймыз! Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін!
FaLang translation system by Faboba