Басты

«Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат» кешені» ММ-нің сайтына қош келдіңіздер!

Музыкалық кешен Павлодар облысның элиталы оқу орындарының бірі. Өзінің 50 жылдық тарихында осы білім ордасы облысымыз бен Республикаға, әлемге танымал өнер майталмандарын тәрбиелеп шықты. Колледждің шығармашылық ұжымдары мен солистері барлық музыкалық іс-шараларың ортасынан табылады. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, орыс ұлт аспаптар оркестрі, Симфониялық оркестр, Үрлемелі оркестр, Джаз оркестрі, фольклорлық ансамбльдер, Аралас хор, Қазақ ұлт аспаптар бөлімінің хоры, Саздық білім беру бөлімінің хоры, Ер балалар хоры – Павлодар облысында өтетін концерттік өмірдің қазыналары.

Кешеннің ерекшелігі көпсатылы кәсіби музыкалық білім беру болып табылады. 10 бөлімде білім беретін колледж жанынан 2005 жылы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат ашылған. Облысымыздың түпкір-түпкірінен жиналған талантты балаларымыз өз өнерлерін шыңдап қана қоймай, мемлекеттің қарауында болып, интернатта тұрып толық орта білім алып шығуларына мүмкіндік бар.

Соңғы жылдары Кешен жеңімпаздар ошағына айналды. Республикалық және халықаралық байқауларда алған жүлделі орындар кешеннің оқыту деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Педагогикалық үрдіс оқытудың дәстүрлі әдістерін сақтағанмен, оқытудың инновациялық әдістерін де тиімді енгізіп жатыр. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған: облыстағы үздік акустикалық концерт залы, кең оқу кабинеттері, озық еуропалық фирмалар шығарған музыкалық аспаптар, бай кітапхана, 3 мультимедиялық кабинет. Өнерді дәріптейтін білім ошағының есігі дарынды балалар үшін, өнерсүйер қауым үшін әрқашан ашық.

FaLang translation system by Faboba