Үрлемелі оркестр

Үрлемелі оркестр 1960 жылы ұжымдық шаруашылықта гастрольде оқушылар арасында ашылды. Гастрольден келген соң репетиция өткізіп, 7 қарашада мерекелік шеру барысында концерттерге қатысты. Үрлемелі оркестрдің өнер көрсетуі Павлодар қаласында өткен мәдени және мерекелік іс-шаралардың ажырылмас бір бөлігі болып табылады. Салтанатты рәсімдер, мерекелер, шерулер, байқаулар уақытында қала алаңдарында үрлемелі оркестр өз өнерлерін көрсетеді.
Үрлемелі оркестр репертуарының ерекшелігі – әскери музыка мен марштарды ойнау. Көьінесе кинофильмдердің музкасын ойнайды: «Белорусский вокзал», «Цыган», «А зори здесь тихие», «Берегись автомобиля», келесі опералардан үзінді: «Травиата», «Аида», операттардан үзінді: «Свадьба в Малиновке», вальстер, И.Штраустың марштары. А.Кондрашовтың басқарумен аралас хормен бірге Ұлы Жеңісті мерекелеу күнінде Д.Тухманованың «Ден Победы» әнін орындайды.
Оркестр және үрлемелі аспаптар бөлімін жас талантты музыканттарды тәрбиелеген тамаша педагог Марлен Юсупович Бакиев отыз жыл басқарды.
90-ж. соңында бөлім меңгерушісі Владимир Андреевич Шлегель болып тағайындалды. Оның басқаруымен үрлемелі оркестр колледж және Павлодар облысы бойынша музыкалық конкурстар мен байқауларға қатысады.
Үрлемелі оркестр – өзінің тарихымен әйгілі көне ұжымдарының бірі Үрлемелі оркестрді құрастыру идеясы 1960 жылы ұжымдық шаруашылықта гастрольде оқушылар арасында ашылды. Гастрольден келген соң репетиция өткізіп, 7 қарашада мерекелік шеру барысында концерттерге қатысты.
Оркестрде көптеген тамаша педагогтар, музыканттар жұмыс істеді. Оркестрді 30 жыл басқарған Марлен Юсупович Бакиев көптеген талантты музыканттарды тәрбиелеген керемет педагог. Юрий Юрьевич Юрьев 1990-1993 жылдар аралығында оркестрді басқарды, Республикалық конкурстардың лауреаты. Виктор Григорьевич Шевелёв 1994-1998 жылдар аралығында ұжымды басқарды, көптеген лауреаттар иегері.
Қазіргі уақытта оркестрді Владимир Андреевич Шлегель басқарады. 2000 жылы ұжым Алматы қаласында өткен Қазақстан халықтары фестивалінің дипломанты атанды.

«Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы
Л.В.Казакова

FaLang translation system by Faboba