Камералы оркестр

Камералы оркестр колледжге Тбилиссия консерваториясының түлегі, скрипкашы Яна Оганесовна Касьяннің келуімен ашылды. 2003 жылы колледждің концерттік өмірінде бірінші орынға ие болды. Оркестр «Возрождение» неміс қоғамы ұйымдастыратын рождестволық кештерге қатысып отырады. Үш жыл бойы үрлемелі музыка фестивалінің лауреаты. 2006 жылы В.А.Моцарттың 250-жылдығына арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
Оркестр репертуарында шетел музыкалық классикасы мен заманауи қазақстандық композиторлардың шығармалары ойналады. Оркестрдің концерттік бағдарламалардағы ерекшелігі – музыкалық мектеп оқушылары және музыкалық коллдеж студенттерімен ойнау. Камералы оркестрмен бірге фортепиано, скрипка, гитара үшін концерттер қойылды.
Соңғы жылдары камералы оркестр өзі және симфониялық оркестрмен бірге өнерлерін көрсетуде.

«Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы
И.В.Черепанова

FaLang translation system by Faboba