Қазақ халық аспаптар оркестрі

Оркестр тарихы 80-жылдары С.Р.Малаев ұйымдастырған қазақ халық аспаптар ансамблінен басталды. 10 жыл өткен соң ансамбль оркестрге айналды. Әр жылда оркестрді басқарды: Н.Н.Габдуллина (қазір қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі және домбыра өнері бойынша оқулықтың авторы, Ы.Алтынсариннің төс белгісінің иегері және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері); 90-жылдары оркестрде ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Р. Айдабулов; қазіргі таңда жас талантты музыканттар, колледж түлектері Т.Б.Каримов және Ж.К.Орынбаев. Оркестр кәсіби қазақ орындаушылық дәстүрлерін жалғастырады, дамытады және бөлімнің «визиттік карточкасы» болып табылады.
Оркестр тарихы 1987 жылы қазақ халық аспаптар ансамблінен басталды. Алғашқы рет 1989 жылы Наурыз мейрамында қала алаңында өнерлерін көрсетті. Ал 1991 жылы қазақ халық аспаптар бөлімі ашылғаннан кейін, оркестр жұмысын бастады.
Әр жылда оркестрді тамаша педагогтар мен музыканттар басқарды:
Серик Рамазанович Малаев,
Мырзагали Рахимович Айдабулов,
Нурзия Назарбековна Габдуллина,
Талгат Баритович Каримов.
Қазіргі уақытта оркестрді Орынбаев Жаскайрат Кайдарович басқарады. Ақмола, Қарағанды, Алматы, Астана, Омбы, Новосибирск қалаларында өнерлерін көрсетеді. Ұжым репертуарының негізгі бөлігі қазақ ұлттық музыкасы.

FaLang translation system by Faboba