Орыс халық аспаптар оркестрі

1970 жылы композитор и педагог Владимир Сергеевич Ширинкин ұжымның негізін қалады. Ол талантты, жан-жақты музыкант. Алма-Ата консерваториясын келесі мамандықтар бойынша бітірді: хор дирижеры, талантты композитор А.Бычковтың сыныбында композиция, баян.
1979 жылдан бастап Қазақстан Республикасының білім беру үздігі Геннадий Петрович Андрес оркестрмен жиырма жылдан аса жұмыс істеді. Жұбайы Алла Васильевнамен бірге оқушыларды тәрбиеледі. 90-жылдары орыс халық аспаптар оркестрі оқу тапсырмаларын орындап,тек Павлодарда ғана емес, сонымен қатар Семей, Алматы, Омбы қалаларында өткен әртүрлі фестивальдерге белсенді қатысты. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап орыс халық аспаптар оркестрін педагог-баяншы, дирижер, музыкалық колледждің директоры Виктор Петрович Денисенко басқарды. В.П. Денисенко бағдарламада оркестрдің бұрынғы шығармаларын сақтап қалды: Тамариннің «Музыкальный привет», Цветковтың лезгинкасы, Широковтың «Валенки» орыс халық әні тақырыбына түрлендірме. 2002 жылдың мамыр айында В.П. Денисенко ұжым және солистермен Қарағанды және Астана қалаларында концерттік бағдарламасымен өнерлерін көрсетті.
Орыс халық аспаптар оркестрі көрермендер құрметіне әйгілі. Оның негізін қалаушы және басшысы Владимир Сергеевич Ширинкин.
Сол жылдары бөлімнің құрамы шағын болды сондықтан, ансамбльге ұқсас болды. 1977 жылы Г.П. Андрес Павлодар қаласына келген соң, оркестр қайтадан жұмысын бастады. Геннадий Петрович және жұбайы Алла Васильевна оркестр аспабының үніне өздерінің шеберліктері мен таланттарын салды. 20 жыл бойы бөлім жетекшісі болды.Оркестрдің репертуарлары: «Музыкальный привет», «Валенки», «Лезгинка», «Коробейники»…
2001жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс халық аспаптар оркестрін тәжірибелі жетекші және талантты ұйымдастырушы Виктор Петрович Денисенко басқарады.

«Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы
И.В.Черепанова

FaLang translation system by Faboba