Аралас хор

Павлодар музыкалық колледждің аралас хоры тарихы мен салт-дәстүріне өте бай. Аралас хор ұжымы музыкалық колледж ашылғаннан бастап 50 жыл бойы жұмыс істейді. Осы ұжымды хор өнерінің нағыз шеберлері басқарды: Бозжигитов Туруспек Смекенович, Творогов Анатолий Иванович, Кондрашов Анатолий Петрович, Бородихин Юрий Николаевич, Бородихина Вера Александровна.
Хор ұжымының репертуарындағы хор музыкасының біртумалары: И. Гайдн, В. Моцарт, Л. Бетховен мессалары, Л. Керубини, Дж. Верди, В. Моцарт реквиемдері, С. Танеевтің «Иоанн Дамаскин» кантатасы, С. Рахманиновтың «Весна» кантатасы Л. Бетховен 9-ші симфониясының финалы. Хор әртүрлі хор ұжымдарының Республикалық конкурстарының лауреаты және хор фестивальдері, концерттік бағдарламаларына белсенді қатысады. Қазіргі таңда хор құрамында хор бөлімдерінің оқушылары, сонымен қатар жеке ән салу, орыс халық аспаптары, музыка теориясы және фортепиано бөлімдерінің оқушылары ән салады.
10 жылдан астам ұжымды Бородихин Юрий Николаевич басқарды, хор концертмейстері –Павлода музыкалық колледждің фортепиано бөлімінің түлегі Фисенко Светлана Евгеньевна.

FaLang translation system by Faboba