Бөлім тарихы

Фортепиано бөлімі музыкалық училищенің ашылғаннан бері жұмыс істейді (1959 ж.). сондықтан бөлім тарихы училищенің өмірімен тікелей байланысты. Фортепиано бөлімі басқа бөлімдермен қатар басты орындарда болды және кәсіби музыкалық мәдениет қаласының құрулуына себепші болды. Бөлімде шығармашылық ұстанымы мол және жоғары тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жұмыс ісьейді. Өздерінің көр күштерін жұмсап, өздерінің өмірлерін бұл керемет мамандыққа арнады.
Жарты ғасыр ішінде өздерінің орындаушылық және педагогикалдық шеберліктері қалыптасты. Музыкалық тәрбие мұратына жанын қию және іске кәсіби жағынан қарау, шығармашылық ізденіс ортасы ұжымға табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Фортепиано бөлімінің алғашқы оқытушылары Сергиенко Эдит Ивановна және Артамонова Маргарита Константиновна. Кейін училище ашылған соң Игорь Тимофеевич Литуненко жұмыс істей бастады. Ол жоғары білімді фортепиано оқытушылардың бірі болды. Алма-Ата консерваториясын аяқтап (оқытушы А.Л.Барак сыныбы), 1969 жылға дейін жұмыс істеді. Тамаша оқытушы және музыкант болып, ол жастарға арналған концерттердің ұйымдастырушысы және қатысушы ретінде рөл атқарды. Игорь Тимофеевич көркем дарындылығымен, білімдарлығымен ерекшеленді. Оқушыларының есте алу бойынша бұл адамның өмірде емес, сонымен қатар сахнада өнер көрсеткенін айтып өтті. Сол жылдары музыкалық училищеде өткен әр концерт Павлодар қаласының мәдениеттік өмірінде белгілі бір оқиғаға айналды. И.Т.Литуненко барлық концерттерге үнемі қатысып отырды. Жеке бағдарламаларымен өнерін көрсетті, Павлодар композиторы және педагогы А.А.Меттус құрастырған алғашқы симфониялық оркестрде ойнады, сол жылдардағы Г.Э.Кромер, Л.М.Творогова, Е.Ф.Данилова сияқты жетекші музыканттармен концертмейстер ретінде өнерін көрсетті.
И.Т.Литуненкомен бір уақытта Зоя Георгиевна Басалаева жұмыс істеді. Өте мейірімді, байсалды, әр оқушымен тіл табыса алатын педагог. Ол фортепиано бөлімінің алғашқы меңгерушісі және бөлімде 40 жылдан астап жұмыс істеді, Павлодар қаласының музыкалық білім беруіне зор үлесін қосты.
Кейін Рижск музыкалық училищені аяқтаған соң Павлодар қаласына Лидия Алексеевна Свешникова келді. Ол басқа оқытушылармен бірге ансамбльдерде өнер көрсетті және концерттерге қатысты. Алғашқы жылдары бөлім ұжымы аса үлкен болған жоқ.
60-жылдардың соңы – 70-жылдардың басында бөлімде келесі тамаша оқытушылар жұмыс істеді: Каретников В.П. ( концертмейстерлік шеберлік сыныбы), Осокин Б.А. (камералы ансамбль сыныбы), Микая Т.Г., Ржанников, Чочиев О. Г. (мамандық сыныбы). Олар Мәскеу, Рига, Алматы қалаларынан жіберілді және аз уақыт жұмыс істеді, бірақ өз оқушыларының естеліктерінде мәңгі қалды.
Фортепиано бөлімінің алғашқы түлектері: Г.Шаляпина, Э.Браун, Г.Чернышова, И.Осипян, Т.Данилова, Н.Егорова. Жыл сайын Павлодарда кәсіби пианисттер қатарын толықтыра отырып, фортепианолық бөлім нығайып, дамыды. Алғашқы шығарылымнан кейін (1963 жылы) бөлім 600-ден астам мамандарды шығарды.
70-80-жылдары бөлім түлектері жұмыс істей бастады: В.И. Поликарпова, Е.В. Шейкина, Т.И. Кочнева, А.С. Ачкинадзе, Л.К. Абдыкаримова, Т.А. Кулишова, В.М. Морчиладзе, Н.А. Меттус, Л.В. Варламова, Т.П.Ершова.
90-жылдары оқытушылар ұжымы жас мамандармен, сонымен қатар Павлодар музыкалық училищенің түлектерімен толықтырылды: Л.Л. Симонович, Н.В. Ожерельева, И.Н. Волкова, кейін: К.В. Шейкина, М.Д. Ниязова, А.Б. Куминов, С.А. Немолочнова; 2000-жылдары: М.В. Гладырева, Б.Е. Татымбек, сонымен қатар шетелден келген жас маман - М.Х. Колаян (Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, Мәскеу қаласы). Белсенді педагогикалық қызметті жүргізіп, олар бастауыш музыкалық буында жұмысты қатар істейді, сондай-ақ дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың фортепиано бөлімінің педагогикалық ұжымның негізгі бөлігін құрайды. Оқушылардың Республикалық және Халықаралық конкурстардағы табыстары мен жеңістері – оқытушылардың кәсіпқойлығы мен қайсар еңбегін растайды. Бөлімде аз емес уақыт жемісті еңбек атқарған оқытушылар: Л.И. Шаломова, Т.Г. Крылова, Е.Я. Брейтбурд, И.П. Басаргина, С.К. Негманова, В.В. Бгашев, Д.С. Масленников.
Қазіргі уақытта И.Т.Литуненконың алғашқы түлектердің бірі болған оқытушылар жұмыс істейді: В.М.Морчиладзе, В.И.Поликарпова, Т.И.Кочнева, Е.В.Шейкина. Олар өз туған қаласына қайтып келіп, бірнеше түлектерін шығарып, қазір бірге жұмыс істеуде.
Павлодар қаласының фортепиано орындаушылық мектебіне Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, еңбек ардагері, училищеде қырық жылдан астап жұмыс істеген Евгения Васильевна Шейкина зор үлес қосты. Евгения Васильевна өзінің тәжірибесімен педагог-музыкант моделінің «Орындаушы – педагог – әдіскер» үш бірлестігінде өзектілігін әрдайым дәлелдеп берді. 1997 жылдан бастап 2017 жылға дейін ол «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ әдістемелік кеңесін басқарды, 2002 жылдан бастап 2017 жылға дейін Павлодар облысының ТжКБ әдіскерлерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болды.
Қазіргі таңда бөлімнің оқытушылар ұжымы жалпы педагогикалық идеялары бірлескен 12 педагог-пианиношыдан тұрады: И.Н. Волкова, Ж.Б. Жабайкина, К.Ж. Исина, М.Х. Колаян, Т.И. Кочнева, А.В. Тетерина, В.И. Поликарпова, М.А. Полуэктова, К.В. Салихзянова, Б.Е. Татымбек, Е.В. Шейкина, К.В. Шейкина. Музыкалық училищенің негізін қалаушылардың дәстүрлерін сақтап, фортепиано бөлімі жоғары кәсіби деңгейде және концерттік қызметке белсенді түрде қатысады. Басалаева З.Г., Свешникова Л.А., Шейкина Е.В., Ачкинадзе А.С., Кулишова Т.А., Ожерельева Н.В., Симонович Л.Л. бөлімнің дамуында рөл атқарды. Олар ұжымның шығармашылық рухы мен жоғары кәсіпқойлығын қолдап, сақтады.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы берген жоғары баға бөлім оқытушыларының табысты жұмысының айғағы болып табылады.
Бөлім оқытушылары жеке концерттер мен бөлімнің есеп беру концерттерін, тақырыптық және сынып концерттерін ұйымдастырады, фортепианолық ансамбльдерде өнер көрсетеді, конкурстарға концертмейстер ретінде қатысады, оркестрлермен өнер көрсетеді.
Павлодар Музыкалық училищесінің сахнасында фортепианолық музыканың әлемге әйгілі орындаушылары: С. Рихтер, Л. Оборин, А. Севидов, А. Скавронский, Л. Власенко, М. Плетнев, Ж. Аубакирова, Қазақстанның көптеген танымал орындаушылары өнер көрсетті.
Бөлім оқытушыларының арасында Халықаралық конкурстың лауреаты атағы бар –М.Х. Колаян XIV Халықаралық Kloster Schontal конкурсы, Германия; «Үздік концертмейстер» атағының иегері - Ресей, Оңтүстік Корея, Болгария, Греция, Түркия; С.А. Немолочнова «Золотой голос» халықаралық конкурсы (Мәскеу қ.); К.В. Шейкина «Ғ.Жұбанованың шығармаларын үздік орындау» конкурсы (Алматы қ.).
Әр уақытта «Фортепиано» бөлімі меңгерушілерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының жетекші пианистерімен, сондай-ақ алыс және жақын шетел пианистерімен шығармашылық кездесулер мен мастер-кластар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бөлім оқытушылары: И.Н. Волкова, М.Х. Колаян, Е.В. Шейкина, К.В. Шейкина, әртүрлі деңгейдегі конференцияларға белсенді қатысады және сонымен қатар, облыс және қала БММ оқушылары үшін мастер-класстар өткізеді.
Бөлім жұмысының маңызды бағыттарының бірі студенттерді халықаралық және республикалық конкурстарда «Соло» және «Фортепиано ансамблі» номинациясы бойынша өнер көрсетуге дайындау болып табылады. Көптеген түлектер республикамыздың музыкалық мекемелерінде және одан тыс жерлерде табысты жұмыс істейді. Оқытушылар М.Х. Колаян, И.Н. Волкова халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі конкурстардың қазылар алқасының мүшелері ретінде бірнеше рет шақырылды. Бірқатар оқытушылар комиссия құрамында сарапшы ретінде жұмыс істеді. Бөлім оқытушылары концерттерге, фестивальдарға, түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шараларға, солистер, концертмейстерлер, орындаушылық ұжымдардың қатысушылары ретінде белсенді қатысады. Сонымен қатар, бағдарламаның үйлестірушілері, ұйымдастырушылары, тұжырымдаманы әзірлеушілері және сценарийлері рөлінде жиі сөз сөйлейді. «Фортепиано» және «Ішекті аспаптар» бөлім меңгерушілері М.Х. Колаян мен Я.О. Касьянның бастамасымен: Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған халықаралық деңгейдегі «Global Art Competition» жобалары (Түркия, Алания қаласы) және Павлодар қаласындағы «Отанның әні» аймақтық байқауы өткізілді.
Колледж педагогтары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды: Л.К. Әбдікәрімова, А.С. Ачкинадзе, И. Н. Волкова, М. Х. Колаян, Т.А. Кулишова, Т.И. Кочнева, С.А. Немолочнова, В.И. Поликарпова, Л.Л. Симонович, Е.В. Шейкина, К.В. Шейкина.

FaLang translation system by Faboba