Бөлім басшылығы және педагогтары

Колаян Марго Хачатуровна2013 жылдан бастап «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ «Фортепиано» бөлімінің меңгерушісі. «Фортепиано» мамандығы бойынша жоғары арнайы білімі бар (Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы, 2006 ж.).
Жеке пәндер оқытушысы (арнайы аспап), жоғары санатты. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, концертмейстер ретінде 14-ші халықаралық скрипкашылар конкурсының (Германия) арнайы жүлдесінің иегері. Солист пен концертмейстердің тамаша қасиеттерін ұштастыра отырып, республика, облыс, қала, түрлі елдердің елшіліктері өткізетін маңызды іс-шараларда сөз сөйледі.
Бірнеше рет халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық пианисттер конкурстарының, әртүрлі комиссиялардың қазылар алқасының құрамында, ал түрлі деңгейдегі жобаларда – идеялық шабыттандырушы және ұйымдастырушы ретінде қатысты.
Марго Хачатуровна Қазақстан Республикасы Білім Министрінің Құрмет грамотасы және аталған министрліктің, Павлодар облысы білім беру басқармасының, Халықаралық және республикалық конкурстарды ұйымдастырушылардың алғыс хаттарымен марапатталды.

Кочнева Тамара Ивановна - «Фортепиано» бөлімінің оқытушысы (арнайы аспап, концертмейстер сыныбы, камералық ансамбль, фортепианалық ансамбль, педагогикалық тәжірибе, БММ репертуарын зерттеу), жоғары білімі - 1972 ж.Қырғыз мемлекеттік өнер институты, жоғары санат.

Шейкина Евгения Васильевна - Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, жоғары санатты оқытушы, халықаралық конкурстардың лауреаты. «Фортепиано» мамандығы бойынша жоғары арнайы білімі бар. Құрманғазы атындағы Алма-Ата Мемлекеттік Өнер Институты, 1973 ж.). 1982 жылдан бастап 2001 жылға дейін колледждің «Фортепиано» бөлімін басқарды. 15 жыл Павлодар облысы ТжКБ оқу орындарының «Әдіскер» облыстық бірлестікті басқарды. Белсенді әдістемелік қызмет жүргізеді, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының лекторы ретінде сөз сөйлейді, мастер-класстар өткізеді. Е. В. Шейкинаның түлектері аймақтың, республиканың және шетелдердің кәсіби қоғамдастығында негізгі позицияларды иеленеді.

Волкова Инна Николаевна - фортепиано сыныбы бойынша арнайы пәндер оқытушысы (арнайы аспап, концертмейстер сыныбы, камералық ансамбль), білімі – жоғары, Құрманғазы атындағы Алма-Ата Мемлекеттік консерваториясы, 1995 ж., Жоғары санатты.

Салихзянова Ксения Владимировна - жоғары санатты оқытушы, Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. «Кешен» ММ-де 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, жалпы еңбек өтілі 15 жыл. «Концерттік орындаушы, камералық ансамбль әртісі, концертмейстер, «Аспаптық орындаушылық» оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары арнайы білімі бар (М.И. Глинка атындағы Магнитогор Мемлекеттік консерваториясы 2008 ж.). Фортепиано сыныбы бойынша арнайы пәндер оқытушысы (арнайы аспап, концертмейстер сыныбы, камералық ансамбль).

Татымбек Бахыт Ертасовна - «Фортепиано» бөлімінің оқытушысы (арнайы аспап, концертмейстерлік сынып, аспапта ойнауды оқыту әдістемесі), жоғары білім-2011 ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК, Алматы қаласы. Бірінші санатты.

Полуэктова Марина Анатольевна - Фортепиано бөлімінің оқытушысы (пәндер: арнайы аспаптар, концертмейстер сыныбы, Камералық ансамбль, фортепианалық ансамбль, концертмейстерлік тәжірибе, БММ репертуарын зерттеу). Білімі: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 2011ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бакалавры 2013ж. Өнер магистрі. Екінші біліктілік санаты.

Тетерина Анна Викторовна - «Фортепиано» бөлімінің оқытушысы (педагогикалық тәжірибе, концертмейстерлік тәжірибе, камералық ансамбль, фортепианолық ансамбль), жоғары білім-2014 жыл Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы, екінші санатты.

Жабайканова Жулдыз Борисовна - фортепиано оқытушысы (арнайы аспап, ноталарды парақтан оқу, орындаушылық өнер тарихы, хореографиялық класс репертуарын зерттеу).
Жоғары білім-2018 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы қ. Диплом бойынша біліктілігі: оқытушы, концертмейстер, фортепиано мамандығы бойынша концерттік орындаушы.

Исина Карлыгаш Жумагельдиевна - «Фортепиано» бөлімінің оқытушысы және концертмейстер (педагогикалық тәжірибе, концертмейстерлік тәжірибе, ноталарды парақтан оқу), жоғары білім – 2014, Қазақ ұлттық өнер университеті, санаты жоқ С.Ш. Асабаева сыныбы.

FaLang translation system by Faboba