Бөлім тарихы

«Музыкалық білім беру» бөлімі
Мамандық нөмірі және атауы - 0108000 «Музыкалық білім беру»
Мамандандыру
- Домбра, баян, фортепиано
Біліктілігі - мектепте музыка мұғалімі, бала-бақшада музыкалық жетекші
Бөлімнің ашылған жылы: 2004 («Ауыл 2003-2005» Президенттік бағдарламасы бойынша)
«Музыкалық білім беру» бөлімінде оқушылар келесі пәндер бойынша білім алады:
Арнайы пәндер: негізгі музыкалық аспап (домбыра, баян, фортепиано), хор сыныбы, мектепте оқыту әдістемесі, балабақшада музыкалық тәрбиелеу әдістемесі, дирижерлеу.
Тәжірибелік пәндер: хор тәжірибесі, балабақшадағы, мектептегі музыкалық тәрбие тәжірибесі, балаларды сауықтыру лагерлеріндегі жазғы тәжірибе, сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәжірибесі.
Музыкалық-теориялық пәндер: сольфеджио, музыканың қарапайым теориясы, гармония, музыкалық шығармаларды талдау, музыкалық әдебиет, психология және педагогика негіздері, мәдениеттану.
Жалпы білім беру пәндер: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, қоғамдық ғылымдар негіздері, жаратылыстану, математика, информатика, шет тілі.
Бөлім меңгерушісі – Ахметова Гульнара Зейнуловна
Сынып жетекшісі – Шапагатова Сауле Социаловна
Бөлім оқытушылары
Ахметова Гульнара Зейнуловна (фортепиано), Жидков Виталий Викторович (баян), Узканова Айнур Смагуловна (домбыра), Ахметова Нурсулу Егимбаевна (педагогика, психология, мектептегі тәжірибе), Шапагатова Сауле Социаловна (дирижерлеу, хортану, хор аранжировкасы), Кучикпаева Риза Зейнуллиновна (дауыс қою), Курумбаева Акылай Гомаровна (дирижерлеу, бала-бақшада сабақ беру әдістемесі, жазғы тәжірибе, вокалдық ансамбль, хор тәжірибесі), Павленко Олеся Владимировна (фортепиано, концертмейстер), Макышбаева Гульнафис Толеубековна (хор сыныбы, дирижерлеу). Пак Евгений Александрович (негізгі аспап, сүйемелдеу (баян), қосымша аспап), Хлебова Светлана Юрьевна (фортепиано, концертмейстер).
Бөлім 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оқытушылар құрамы, негізінен, өз жұмысында озық идеяларды, жаңа заманауи технологияларды басшылыққа алатын жас мамандардан құрылды, бұл, әрине, жұмыс процесіне жедел және шығармашылық атмосфера әкеледі.
Осы жылдар ішінде бөлімде Балтина Сәуле Рамазанқызының жетекшілігімен аралас хор, көркемдік жетекшісі Нұрғожинова Мадина Қанатқызы «Жастар» вокалдық ансамблі, «Нюанс» эстрадалық триосы құрылды. Оқу кезеңінде оқушылар тек музыкалық ғана емес, сонымен қатар ілеспе қабілеттерін де (іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, поэтикалық қабілеттер, композиторлық, орындаушылық, лекторлық қабілеттер) көрсетуге мүмкіндігі бар.
2008 жылы бірінші шығарылым өтті.
Бұл бөлімнің ерекшелігі – талапкерлерді қабылдау кезінде ауылдық жерлердегі балаларға көбірек көңіл бөлінеді. Олар мәдени және білім деңгейін көтеру үшін туған жерлеріне жұмысқа қуана оралады. Колледжді бітіргеннен кейін үздік студенттерді колледж әкімшілігі жоғары оқу орындарына білімін одан әрі жалғастыру үшін ұсынады.
FaLang translation system by Faboba