2022,наурыз,22 Frullato


Павлодар облысының жарқын жұлдыздарының кезекті жеңісі Нұр-Сұлтан қаласында орын алды. Онда "Frullato" үрлемелі аспаптарда орындаушылардың халықаралық байқауы өтті. Командалық орындауда В.А. Шлегельдің оқушылары, трубачтар триосы, құрамында Кешеннің студенттері мен оқушылары Лагутик Александр, Курманғазы Бахтияр, және Түргельді Жасұлан 1 орынды жеңіп алды. Ансамбльдің концертмейстері А.Б. Куминов. Конкурс нәтижелері бойынша музыкалық колледждің барлық қатысушылары жеке орындауда тек қана жүлделі орындарға ие болды. Бірінші дәрежелі лауреаттар болып Лагутик Александр, Түргелді Жасұлан, Магомет Өмиржан атанса, екінші орынды О.В.Шлегель оқушысы Штраус Владислав иеленді.
FaLang translation system by Faboba