2021,қазан,27-29 Музыканттар волейболдан облыстық спартакиаданың жеңімпаздары


27-29 қазан аралығында Павлодар монтаждау колледжінің спорт алаңында волейболдан 2-ші лига колледждерінің облыстық спартакиадасы өтті. Музыкалық колледждің қыздар құрамасы сенсация жасап, тағы да 1-ші орынға ие болды. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 17 қазанында музыкалық колледждің қыздар командасы алғаш рет 3х3 баскетболдан облыс чемпиондары атағын жеңіп алған болатын. Талантты адам барлық жағынан дарынды екенін тағы да дәлелдеді!

FaLang translation system by Faboba