2019,июль,10 Бабамыздан қалған мұра-домбыра

«Павлодар қаласының ішкі істер саясат бөлімі» ММ, «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат» кешені» ММ-нің қолдауымен Павлодар қаласының «Салауатты ұлт» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «Бабамыздан қалған мұра-домбыра» атты ұлттық домбыра күніне арналған қалалық жастар өнер додасы өткізілді.
Елбасының бастамасымен биыл елімізде екінші рет қазақтың ұлттық аспабы – домбыра күні аталып өтуде. Қазақтың күй өнерін жалпыұлттық деңгейде насихаттау және мәдени ұлттық бірлікті одан әрі нығайту мақсатында «Бабамыздан қалған мұра-домбыра» атты ұлттық домбыра күніне арналған қалалық жастар өнер додасын ұйымдастырылды. Байқау үш бағыттан тұрды: күй өнері, домбырашылар ансамбілі, дәстүрлі ән. Әділ қазы алқасында - «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат» кешені» мемлекеттік мекемесінің басшысы, күй өнерінің майталманы Сыздықов Серік Қасымханұлы. Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестр күйшісі Әсел Арынова. «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат» кешені» мемлекеттік мекемесінің аға оқытушысы, күйші Байбосынов Мейірмен Манарұлы. «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат» кешені» мемлекеттік мекемесінің аға оқытушысы, домбырашы Байбосынова Толқын Марсановна. Дәстүрлі әнші, «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат» кешені» мемлекеттік мекемесінің аға оқытушысы Жанболат Байсолтан төрелік етті. Екі күнге созылған өнер додасы қалалық саябақ сахнасында жеңімпаздарды марапаттау рәсі және финалисттердің концерттік бағдарламасымен ұласты.
Өнер додасының жеңімпаздары қаржылай марапатталды.
Үздік күйші аталымы
І орын - Омар Назира
ІІ орын - Бекбаев Марат
ІІІ орын - Қаппасов Балтабек
ІІІ орын- Аманбол Саясат
Үздік Домбырашылар ансамбілі
І орын - Атамұра дуэті
ІІ орын - Әлқисса дуэті
Үздік дәстүрлі әнші
І орын - Ербақ Құрметжан
ІІ орын - Ысқақ Мағжан lll орын - Рахметолла Даниял

FaLang translation system by Faboba