2022,наурыз,22 Музыкалық колледж студенттері музыкалық шыңдарды бағындыруды жалғастыруда


Көктемгі күн мен түннің теңесуін мерекелеу кезінде музыкалық колледжде жарқын оқиға орын алды. «Құрмет» орденінің және «Павлодар облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Владимир Андреевич Шлегельдің оқушылары, музыкалық колледждің «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің студенттері Лагутик Александр және Құрманғазы Бахтияр Қазан қаласында өткен үрлемелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың «Мастера искусств» бірінші Бүкілресейлік конкурсына қатысып, бірінші орындарды жеңіп алды. Олар тек жеке орындауда ғана емес, командалық есепте де трубачтар триосы Павлодар облысының жетістіктер қоржынына конкурстың бас жүлдесін Гран-При әкелді. Бұл байқауға Ольга Владимировна Шлегельдің де оқушылары қатысып, 1-курс студенті Магомет Омиржан -1 орын және 3-курс студенті Штраус Владислав – 2 орынды иеленді. Конкурсқа қатысушылардың концертмейстері- А.Б. Куминов.
Музыкалық колледждің «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімін құттықтаймыз, студенттер мен оқытушыларға музыкалық шыңдарды бағындыруда жаңа белестерге жетуде сарқылмас шығармашылық қуат тілейміз.
FaLang translation system by Faboba