2022,мамыр,5 Worldskills Pavlodar-2022


Биыл оқу жылы "Музыкалық білім беру" бөлімінің студенттері мен оқытушылары үшін өте жемісті өтіп жатыр. Ауқымды жобаларға қатыса отырып, Ертіс өңірі жетістіктерінің қоржынын орасан зор жеңістерімен үнемі толықтыра отырып, біздің болашақ педагог - музыканттар өзіне назар аудартады. Көптен күткен "Worldskills Pavlodar-2022" өңірлік байқауының "Үздік маман" номинациясы бойынша Әбілхайыр Жадыра мен Қадырова Аружан тағы бір белесті бағындырды. Бірінші орынды және Республикалық деңгейге жолдаманы музыкалық колледждің мақтанышы, МК-ЖК жарқын өкілі, біздің түлегіміз, бүгінгі күні әріптесіміз Смағұл Темірбай жеңіп алды. Жеңімпаздарды дайындаған оқытушы-Н.Е. Бастемиева.
FaLang translation system by Faboba