2022,мамыр,8 Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ІІ Республикалық конкурстағы жеңіс


Студенттік өзін-өзі басқарудың тағы бір жарқын көшбасшысы, беделді жобалардың бірнеше мәрте жеңімпазы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, кларнет сыныбы бойынша Д.А. Усеновтың оқушысы, "Үрлемелі және соқпалы аспаптар" бөлімінің 4 курс студенті Имран Қашаубай 7-8 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен музыкалық-теориялық пәндер бойынша ІІ Республикалық конкурста жеңіске жетіп, өзінің көпқырлылығы мен кәсібилігін тағы да дәлелдеді. Имран "Гармония және сольфеджио"номинациясында 1 орын жеңімпазы атанды. Студентті дайындаған "Музыка теориясы" бөлімінің оқытушысы Д.С. Абетова.
FaLang translation system by Faboba