2022,мамыр,10 Сәтті Олимпиада


«Музыкалық білім беру» (Заиргельдинова Данара) және «Хор дирижерлау» (Новосельцев Роман және Абишева Дариға) бөлімдерінің 3 курс студенттері үшін Алматы қаласында өткен музыкалық колледждер мен мамандандырылған музыкалық мектептер студенттері арасындағы республикалық хор Олимпиадасы сәтті аяқталды. Байқау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтті. Екі конкурстық күнінің нәтижесінде балалар хор партитурасы мен дирижерлеу бойынша өнер көрсетті.
Конкурс нәтижесінде Абишева Дарига олимпиаданың 3 орын (оқытушысы Баторшина Елена Олеговна) Заиргельдинова Данара 2 орын (оқытушысы Шапагатова Сауле Социаловна, концертмейстер Бекмагамбетова Венера Бауржановна), Новосельцев Роман — 2 орын (оқытушысы Никитенко Михаил Григорьевич) жеңімпаздары атанды.
Сонымен қатар, сапар колледж түлектерімен жылы кездесулерімен есте қалды. Осылайша, Сагындық Туртулов пен Жанар Назикенова біздің келгенімізді біліп, консерваториядағы концертке келді. ХД бөлімінің түлектері Амангельдинова Данара мен Исханова Айгерим қазіргі консерватория студенттері студенттерімізді жылы қарсы алып, қарым-қатынас жасауға уақыттарын бөлді.
FaLang translation system by Faboba