2020,сәуір,1 Book for me!!!» I- колледжішілік қашықтық байқауың өткізді

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Оқырман ұлт» мемлекеттік жобасын жүзеге асыру мақсатында біздің колледжде қашықтықтан оқыту және Алтын Орданың 750-жылдығына орай 1-4 курс студенттеріне арналған «Book for me!!!» - I- колледжішілік қашықтық байқауың өткізді.
Байқаудың өткізу мақсаты: жас таланттарды қолдау, болашақта кәсіби білім алу үшін перспективті студенттерді анықтау; жастарды отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін, ой-өрісін кеңейтетін кітап оқуға тарту; шығармашылық қызметті жандандырып, дәстүрлі тәрбиенің негізгі қағидаларын қалыптастырып, қазақ жазушылары мен композиторларының шығармашылығына баулу.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы бойынша онлайн – тестілеу нәтижелері байқау жеңімпаздарын анықтады: «Музыкалық білім» бөлімінің студенттері М. Қайкен мен Д. Шарипова бірдей ұпаймен - 3 орынғы, «Ішекті аспаптар» бөлімінің студенті А. Качкаева - 2 орынға иеленді. «Book for me!!!» байқауының жеңімпазы «Ән салу» бөлімінің 4 курс студенті А. Крень, ал конкурстың бас жүлдесін «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің 4 курс студенті Саяна Батталова жеңіп алды.
«Book for me» I-колледжішілік қашықтық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!! Осы іс-шараны өткізуге көмектескені үшін сынып жетекшілерге алғыс айтамыз. С.С. Шапагатова, А.Т. Мейрханова, М.Р.
Қазмағамбетоваға және С.Р. Өтемісоваға өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Карантин аяқталғаннан кейін «Book for me!!!» байқауының барлық жеңімпаздары сыйлықтар мен І - колледжішілік қашықтық байқауының сертификаттарына ие болады.
FaLang translation system by Faboba