Новости
- Category: Модули отображения Контента
- Published on Tuesday, 14 September 2010 11:20
- Hits: 564
-

Отображает заданное количество материалов из выбранной категории, сортируя по дате, либо в случайном порядке. Помощь
-
Республика күніне орай еліміздің дарынды жастарына арналған беделді «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Аталған сыйлық — соңғы үш жыл ішінде облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде түрлі байқаулар мен олимпиадаларда, жарыстарда жеңіске жеткен, белсенділік танытып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген білім алушыларға беріледі.
Биыл бұл марапатқа Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледжінің (МК-МК) белсенді студенттері — Ибраева Дана мен Кенжебекова Елдана лайық деп танылды.
Олар арнайы награда белгісімен және 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттік сыйақымен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен табыстар тілейміз!
-
Музыкалық колледждің оқытушысы Қазбеков Алижaн Нұрланұлы Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен беделді халықаралық «Орталық Азия романсиадасы» байқауында І дәрежелі лауреат атанды.
Орыс романсының жас орындаушыларына арналған бұл байқау – Бішкектегі Ресей үйінің маңызды жобаларының бірі. Байқау Орталық Азия жастарының шығармашылығын қолдауға, мәдени байланысты нығайтуға, орыс және қырғыз романсы дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.
Алижан Нұрланұлын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!
Бұл жетістік – бүкіл ұжымның мақтанышы және «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені оқытушыларының кәсібилігінің жарқын үлгісі.
-
Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның сахнасында ұлттық, классикалық және заманауи музыканың ұмытылмас кеші өтті – бұл орыс халық аспаптары ансамблі «Ладтың» ауқымды концерті болды.
Аталған шара музыкалық колледждің «Адал Азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Самға» ішкі жобасы негізінде ұйымдастырылды. Концертке музыкалық колледждің студенттері де белсенді қатысып, кәсіби әртістермен бірге сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Бағдарламада А. Музикини, Н. Тілендиев, А. Пьяццолла, В. Козлов, А. Гуревич сынды композиторлардың шығармалары және «Құстар әні», Queen тобының рок-фантазиясы секілді танымал туындылардың өңделген нұсқалары орындалды.
Кештің сәнін келтірген құрметті қонақтар:
- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Виктор Денисенко;
- Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Дамир Султанов;
- ҚР мәдениет үздігі, виртуоз пианист Марго Колаян;
- Ақын, сценарист Ирина Червякова.
Бұл жыл ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Оксана Петрушкина үшін ерекше. Ол өзінің 50 жылдық мерейтойын және шығармашылық қызметінің 30 жылдығын атап өтуде. Оның өнер жолы – музыкаға, туған өлкесіне және шәкірттеріне деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
- Ынтымақтастық
-
Жеңіс күніне орай өткізілген «Жеңіс жұлдыздары» патриоттық байқауында вокалдық өнер бөлімінің 1-курс студенті Оқтаубаева Райхана Гран-при иегері атанды.
Бұл байқау жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді дарыту мақсатында ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды қатысушыларды біріктірді. Байқау қатысушылары Отан, ерлік және батырлық туралы патриоттық әндер орындап, тыңдарманды тәнті етті.
Райхана 1 курс студенті болғанына қарамастан, жоғары деңгейдегі вокалдық шеберлігін, сахналық мәдениетін және жүректен шыққан орындаушылықты көрсетті. Оның әсерлі әрі шынайы орындауы қазылар алқасын да, көрермендерді де тәнті етіп, оған байқаудың ең жоғары жүлдесін жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Бұл жеңіс Райхананың жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылығына бағыт-бағдар беріп жүрген ұстазы Ш.С.Ақылбектің қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Deliz тобы - екінші орынға ие болды. Жетекшісі М.Г.Никитенко