Новости
- Category: Модули отображения Контента
- Published on Tuesday, 14 September 2010 11:20
- Hits: 781
Отображает заданное количество материалов из выбранной категории, сортируя по дате, либо в случайном порядке. Помощь
-
2026 жылдың 5–10 қаңтары аралығында Мәскеу қаласында (Ресей) Гнесиндер атындағы Үрлемелі аспаптарда орындаушы жас музыканттардың V Халықаралық байқау-фестивалі өтті — бұл бүкіл әлемнің талантты музыканттарын біріктіретін беделді шығармашылық алаң.>
Байқау-фестиваліне 6-дан 20 жасқа дейінгі орындаушылар қатысты. Қатысушылар екі санат бойынша бақ сынасты: ДМШ/ДШИ және арнаулы орта оқу орындары (ССУЗ), сондай-ақ үш номинация бойынша: Соло, Дуэт, Ансамбль. Байқауға Ресейдің әр өңірінен және жақын шетелдерден, соның ішінде Беларусь пен Қазақстаннан шамамен 160 өтінім қабылданды.>
Ресейден қатысқан қалалардың ішінде — Мәскеу, Санкт-Петербург, Воронеж, Ростов-на-Дону, Қазан, Рязань, Новосібір, Пермь, Саратов, Тула, Орёл, сондай-ақ Донецк, Луганск, Белгород, Курск, Кострома, Киров, Брянск қалалары бар.>
Байқау тыңдауларынан бөлек, фестиваль аясында қазылар алқасының мүшелері мен арнайы шақырылған өнерпаздар — атақты педагогтар мен үрлемелі аспаптарда ойнайтын концерттік орындаушылар өткізген шеберлік сағаттары мен дәрістер ұйымдастырылды. Әр кеш сайын Орган залында дәстүрлі «Гнесинкадағы Рождество фестивалі» аясындағы концерттер өтті.>
Беделді байқаудың қорытындысы бойынша Шлегель В.А. сыныбында білім алатын Түрегелді Жасұлан Павлодар музыкалық колледжінің намысын абыроймен қорғап, III дәрежелі лауреат атанды. Оның өнер көрсетуі жоғары орындаушылық шеберлігімен, музыкалылығы және сахналық көркемдігімен ерекшеленді. Бұл жетістік орындаушының ғана емес, бүкіл Павлодар облысының да үлкен жеңісі. -
Новороссийск қаласында өткен халық аспаптарында орындаушыларға арналған III Халықаралық «Soul of Nation» байқауының нәтижелері белгілі болды. Бұл байқау әлемнің түрлі елдерінен талантты музыканттарды біріктірді. Байқау тыңдалымдарының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының Музыкалық кешенінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанды халықаралық деңгейде лайықты түрде таныта білді. «Баян» номинациясында І дәрежелі лауреаттар атанғандар: Жанабай Арслан және Ниязбек Нұриман. Олардың жарқын әрі кәсіби деңгейдегі өнер көрсетулері орындаушылық шеберліктің және артистизмнің жоғары деңгейін дәлелдеді. «Гитара» номинациясында ІІ орын иегерлері: Үсенова Карина, Кравец Максим және Низевич Артём. Олардың сенімді ойыны, музыкалық сезімталдығы мен көркемдігі – табыстың басты кепілі болды. «Домра» номинациясында ІІІ орын иегерлері: Выгас Анна мен Измаилова Мария. Бұл қатысушылардың өнері байқаудың көркін аша түсті және қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ерекше мақтаныш сезімін тудыратын — «Лад» ансамблі, «Ансамбль» номинациясында жоғары жүлденің иегері атанды. Бұл – ұжымның ауызбіршілігі, жоғары дайындық деңгейі мен сахналық мәдениетінің лайықты бағалануы.
Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар: Петрушкина О.В., Семенова М.В., Жаманбаев А.Е., Тищенко С.Н.
Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – табанды еңбектің, таланттың және музыкаға деген шынайы махаббаттың нәтижесі. Шығармашылық жолда жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!
-
2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халықы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық дебат турнирі өтті.
Аталмыш турнирге қазақ халық аспаптары бөлімінің студенттері — Кәбзәкір Нұрай мен Темірбулатова Арайлым қатысып, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша колледж командасы «The Phoenix Team» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат – табандылық, рухани күш-жігер мен қиындықтарға қарамастан жеңіске деген ұмтылыстың белгісі ретінде берілді.
Сонымен қатар, Кәбзәкір Нұрай ерекше көзге түсіп, дебат турнирінің үздік спикері атанды. Оның сенімді сөйлеуі, логикалық ойлауы мен көшбасшылық қабілеті әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Жас дебатерлерімізді шын жүректен құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! -
14 желтоқсан күні Павлодар қаласында «Zhuldyz Art» халықаралық байқауы өтті — бұл өнерпаздар, ұстаздар мен өнер сүйер қауымды өңірімізден және шет елдерден жинаған жарқын мәдени шара болды. Байқау қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жоғары дайындық деңгейін көрсетуге және әртістер арасында тәжірибе алмасуға маңызды алаңға айналды. Байқау қорытындысы бойынша «DELIZ» дуэті өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, І дәрежелі лауреат атанды. Дуэттің жарқын, эмоционалды әрі кәсіби орындауы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Дуэттің жетекшісі — Никитенко М.Г., оның шебер жетекшілігінің арқасында қатысушылар жоғары дайындық, музыкалылық және сахналық шеберлік танытты.
Байқаудың ең жоғары марапаты — Гран-при — Адильханова Сабина мен Арыстанбек Мирасқа бұйырды. Олардың өнері қазылар алқасы тарапынан шеберлік, артистік қабілет пен сахналық көркемдік үлгісі ретінде жоғары бағаланды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекші — Қазмағамбетова М.Р.
«Zhuldyz Art» халықаралық байқауы жас таланттарды қолдау мен халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жеңімпаздарды және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жолда жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!
-
Ресей Федерациясының Томск қаласында VI Сібір халықаралық пианистер байқауы өтті. Бұл мәдени оқиға әртүрлі елдерден келген дарынды, жас орындаушыларды біріктірген маңызды өнер мерекесіне айналды.
Байқау жоғары шеберлік, шабыт пен шығармашылық бәсекелестік жағдайында өтті. Қатысушылар музыканы терең түсіну, сахналық мәдениет пен артистизм көрсете білді.
Байқау нәтижесінде Смогулова Ирада мен Сапарғалиев Нұралы I орынға ие болды. Олар орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті және музыкалық шығармаларды әсерлі жеткізе білуімен көзге түсті. Бұл жеңіс — тәжірибелі ұстаз Волкова Инна Николаевна жетекшілігімен жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Ирада, Нұралы және ұстаздарын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!









