«Ішекті аспаптар» бөлімі
- Category: Ішекті аспаптар
- Published on Saturday, 19 October 2019 11:24
- Written by Administrator
- Hits: 3298
Мамандық атауы және нөмірі – 0404023
«Аспапта орындаушылық»
Мамандандыру 02. Ішекті аспаптар
Скрипка, виолончель
Біліктілігі - БММ оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі
Бөлімнің ашылған жылы: 1959
«Ішекті аспаптар» бөлімінің меңгерушісі — Касьян Яна Оганесовна
Сынып жетекші – Меирханова Айым Талагатовна
Бөлім оқытушылары
Касьян Яна Оганесовна (скрипка)
Федорова Елена Владимировна (виолончель)
Бекбаева Жапырак Маутаевна (альт)
Трофименко Татьяна Борисовна (оқытушы/педагогикалық тәжірибе)
Тимонина Екатерина Анатольевна (скрипка)
Ішекті аспаптар бөлімінің тарихы.
Бөлімде жұмыс істеді:
Кромер Гильда Эрнестовна - скрипка
Шеффер Федор Андреевич – виолончель, контрабас (60-70ж)
Ногай В.Т – скрипка (60-70 ж.)
Глейзер Яков ? – скрипка (60-70 ж.)
Осокин Борис ? – виолончель (70-80ж)
Кехтер Валерий Николаевич – скрипка (70-90),
Гольман Александр Корнеевич – альт (70-90),
Зуй скрипка (70 жылдар)
Беляева Татьяна Григорьевна – виолончель (80 ж)
Шпенглер Александр Артурович – скрипка (90-92ж.), «Жігер» Республикалық конкурстың лауреаты, Баден-Баден қаласының (Германия) симфониялық оркестр әртісі
Асеева Татьяна - скрипка (90 ж.)
Петруненко Галина Ивановна - альт (90 ж.)
Камерлох Н.А - виолончель (90 ж.),
Касьян Яна Оганесовна - скрипка, (90-2000 жылдар)
Башурова Елена Владимировна - виолончель (1997 )
Сыздыкова Жапырак Маутаевна - скрипка (2000 ж.)
Ішекті аспаптра бөлімінің негізін қалаушы Кромер Г.Э. 1948 жылы Павлодар қаласына келіп, педагогикалық училищеде, сонымен қатар музыкалық мектепте бес жыл оқу бөлімінде жұмыс істеді. Гильда Эрнестовна жаңа ашылған музыкалық училищеде педагогикалық қызметін жалғастырды. Оның бастауымен симфониялық оркестр құрылды. Ол басқа бөлім түлектерін симфониялық оркестрде альтте ойнауға дайындады – Линчевский және Поликарпов.
Виолончель және контрабас сыныбын Шеффер Федор Андреевич жүргізді. Ол тек педагог қана болмай, сонымен қатар аспапты жөңдеу және қалпына келтіру бойынша керемет шебер (қалада жалғыз) болды. Шәкірттері болашапқта тамаша шебер бола алады. Әріптесі Глейзер Яков 60-жылдары скрипка сыныбын жүргізді. Осокин Борис жоғары кәсіби музыкант, жұмыс істеген жылдары бойы музыкалық училищеде концерттерге белсенді қатысты. Теміртау қаласынан жас талантты музыканттар Кехтер Валерий Николаевич, Гольман Александр Корнеевич және Зуй келді. Олар концерт қоятын музыканттар болды. Олар қала және облыс училищелерінің концерттеріне қатысты. Өнер университеттерінде, филармония концерттерінде классикалық музыка бойынша насихаттау жүргізді. Осы музыканттар ішекті аспаптар бөлімінде орындаушылық мәдениетті жоғары деңгейге көтерді. Бөлім оқушылары жүлделі орындарға ие болды, Республикалық конкурстардың дипломанттары: Макишева, Камерлох, Ларицкий жүлделі орындарға ие болды, Молчанов Сергей –екінші орын, Белик, Петруненко - ?. Осы педагогтардың түлектері шығармашылық ұстамы белсенді жұмыс істейді. Олар әртүрлі салаларда концерт жүргізетін музыканттар. Кехтер Валерий Николаевич – Орта Азия аймақтық конкурс лауреаты, Павлодар филармониясындағы камералы оркестр жетекшісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды. Гольман Александр Корнеевич Павлодар облысында жетекші әдіскер атанды. 1986 жылы оқу бөлімі жөніндегі директор орынбасары болып тағайындалды.
1988 жылы ішекті ансамбль құрылды, құрамында неміс ұлтының жастары болды. Ансамбльді Камерлох Н.А. басқарды, жас орындаушылардың Республикалық конкурстарының лауреаты. Бұл ұжымның мақсаты неміс мәдениетін оқу, насихаттау. Жыл сайын «Nene Nemen» атты неміс шығармашылық жастардың музыкалық фестивалін өткізді. Бұл фестивальдің лауреаттары: Тиссен Вячеслав (1996 ж.). Майер Наталья (1997 ж.), Тиссен Анна (1997 ж.), Камерлох Анастасия (1996, 1997 ж.), Плинер Михаил (1997 ж.). Өкінішке орай, осы педагогтар 90-жылдары өздерінің туған жерлеріне көшіп-қонды. Бірнеше жыл бойы бөлім Асеева Татьянаның жетекшілігінде болды.
2000 жылдары Павлодар қаласына Касьян Яна Оганесовна келді. Сол уақыттан бастап бөлім дами бастады. Оқушылар саны артты. Сахнада жас жұлдыздар өнерлерін көрсмете бастады.Жас музыканттармен көп еңбек істеу барысында жақсы нәтижелер көрсетті. Жас музыканттардың есімдері тек Қазақстанда емес, сонымен қатар ТМД елдерінде және Еуропа елдерінде әйгілі. Яна Оганезовна симфониялық оркестрді қайтадан қалпына келтірді. Ол жоғары мәдениетті дарынды педагог. Я.О.Касьян керемет техниканы меңгеріп, қаланың жетекші ұжымдарында ойнайды. Оқушылары жоғары кәсіптік шеберліктерін алады. Я.О.Касьян құрған Музыкалық кешеннің скрипкашылар ансамблі Болгария, Грецияда өткен Халықаралық конкурстарында жүлделі орындарға ие болды. Я.О.Касьян сыныбының лауреаттары: Башурова Елена Владимировна 1997 жылдан бастап директордың тәжірибелік оқу жөніндегі орынбасары және виолончель сыныбының оқытушысы болып жұмыс істей бастады. 1998 жылдан бастап базалық тәжірибе мектебін іске асырды. Елена Владимировна облысында виолончель мектебін дамытуға зор үлес қосты. Ол оқушыларды аспапта ойнауға үйрету әдістемесін жақсы меңгереді. Лауреаттарды Халықаралық конкурстарға дайындайды. Е.В. Башурова бірнеше рет облыстық және республикалық конкурстарының ұйымдастырушысы және қазылар алқасының мүшесі болды.
Е.В. Башурова ресрубликалық музыкалық білім беру басқармасымен қабылданған колледдж оқушыларына арналған бағдарламаларын дайындады: «Специальный класс виолончели», «Квартетный класс», «Камерный ансамбль», «Педагогическая практика», «Методика преподавания на инструменте», «Изучение репертуара ДМШ».