«Музыка теориясы» бөлімі
- Category: Музыка теориясы
- Published on Saturday, 19 October 2019 11:28
- Written by Administrator
- Hits: 3226
«Музыка теориясы» бөлімі
Мамандық нөмірі және атауы -0406000
«Музыка теориясы»
Біліктілігі – музыкатану, БММ музыкалық-теориялық пәндердің оқытушысы
Бөлімнің ашылған жылы: 1962
«Музыка теориясы» бөлімінде оқушылар келесі пәндер бойынша білім алады:
Арнайы пәндер: музыка теориясы, сольфеджио, гармония, музыкалық шығармаларды талдау, полифония, музыкалық әдебиет, лекторлық шеберлік негіздері, аспаптану, сольфеджио оқыту әдістемесі, музыка әдебиетін оқыту әдістемесі.
Жалпы музыкалық пәндер: фортепиано, хор, музыкалық психология және педагогика негіздері, мәдениеттану, қосымша аспап;
Жалпы білім беру пәндері: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, қоғамдық ғылым негіздері, эстетика, жаратылыстану, математика, информатика, шетел тілі.
«Музыка теориясы» бөлімінің меңгерушісі — Черепанова Ирина Викторовна
Сынып жетекшісі — Чумакова Лариса Михайловна
Бөлім оқытушылары
Некрасова Наталья Евгеньевна, Чумакова Лариса Михайловна, Землякова Наталья Владимировна, Ихарова Марианна Азаматовна, Шапиева Галия Магзумовна, Казакова Лариса Владимировна, Коновалова Елена Владимировна, Шабалина Альмира Закарьяновна, Гатина Зульфия Амиржановна, Баймагамбаева Жаныл Кабдыл -Казизовна, Черепанова Ирина Викторовна, Бережная Евгения Борисовна, Селезнева Наталья Федоровна, Абетова Динара Сериковна, Аллахвердиев Руслан Рамизович, Капашева Гульнар Дуйсеновна, Хикметов Исатай Бауржанович, Арынова Асель Даутовна.
Тарихы
Я счастливый человек, потому что теоретик (Тамара Карандашованың мақаласы)
А годы летят мои годы, как песня летят ... (И.В. Черепанованың естеліктері)
Ах ты время, время золотое... (Л.М. Чумакованың естьеліктері)
Давным-давно ... (Н.Б.Бережнаяның естеліктері)
Теория музыкальной жизни ("Привет, сосед!" газетасы, Павлодар қаласы, наурыз 2009 ж.)
Самый большой курс в истории ОТМ(Ж.Т. Бозжигитованың естеліктері)
Неудавшийся урок сольфеджио и Ночное приключение в музыкальном училище (Маргарита Андристің естеліктері)
Бесконечное творчество - музыкальная педагогика. «Музыка теориясы» бөлімінің түлегі: Д.Е. Тульбаев
Павлодар музыкалық колледжде кәсіби музыкалық қызметтің барлық салаларын дамытатын жүйе тәрізді бөлім бар – «Музыка теориясы» бөлімі. Бөлім жұмысының негізгі мақсаты жас музыканттардың жан-жақты және үйлесімді дамуы, оқушылардың көркем, эстетикалық және кәсіби музыкалық талғамдарын қалыптастыру болып табылады.
Музыкалық-теориялық пәндерді оқыту сауатты және білімді музыкантты қалыптастыру процесінің ажырамас бөлігін құрайды. Теоретик-музыкатанушының кәсібі өте сирек. Ол фортепианода ойнайтын пианист, хордағы хоршы, джаз гармониясын меңгеретін эстрадалық орындаушы, мақала жазатын тілші, сахналық шеберлікті зерттейтін әртіс және сахнада импровизацияға қабілетті шешен тәрізді.
«Музыка теориясы» бөлімі 1962 жылы құрылды, Құрманғазы атындағы Алма-Ата мемлекеттік конскрваториясының түлегі, композитор Артур Александрович Меттус тұңғыш болып жұмыс істеді.
Алғашқы ұстаздар:
Артур Александрович 25 жыл бойы бөлімде жұмыс істеді. 160-тан астам теоретиктерді шығарды. 28 жыл музыкалық училищенің симфониялық оркестрін дирижерлік етті.
КСРО композиторлар кеңесінің мүшесі. Симфониялық, камералы, хор музыкасының 100-ден астам шығармалар жинағын шығарды.
«ОРИОН» фотоклубтың төрағасы. Көп жылдар бойы ол Павлодар облысының музыкалық мәдениетінде беделге ие болды.
Эллен Евгеньевна Гнесиндер атындағы Мәскеу институтын аяқтады және 1959-1994 жылдар аралығында осы бөлімде жұмыс атқарды.
Н.Ф. Тифтикиди, Т.В. Попова, Б.В. Левик, В.А. Кириллова атты талантты Мәскеу педагогтарының тәрбиеленушісі түрлі мамандықтардың жүздеген оқушысын шығарды.
Эллен Евгеньевна 60-70 жылдары музыкалық училищеде басты сольфеджиосшы болды.
Ол өзінің оқу талаптарында қатал ұстаз, өз оқушыларына өте жақсы кәсіби білім берді.
Вадим Иванович Ботов 1943 жылы Павлодар қаласында ашылған музыкалық мектептің түлектерінің бірі. Соғыстан кейін Минск қаласында музыкалық училищесін теоретик және композитор ретінде аяқтады. Оқу барысында 1957 жылы Мәскеу қаласында өткен VI Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты..
1959 жылы директор Гильда Эрнестовна Кромердің шақыруымен Вадим Ботов алғашқы ұстаздар қатарына енді.
Ол елуден астам өлеңр, романс, аспаптық және оркестрлік шығармаларын жазды. Көптеген өлеңдер мен романстар павлодарлық ақындардың мәтіндерімен жазылған.
Елена Федоровна Данилова – «Вокал» және «Музыка теориясы» мамандығы бойынша алғашқы түлектерінің бірі.
Шетел тілдерінің Ленинград институтын аяқтаған соң, ағылшын тілінен сабақ жүргізді. 30 жыл музыкалық училищесінде директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
«Музыка теориясы» бөлімінде Елена Федоровна музыкалық әдебиет және орыс халық шығармашылығы пәндерінен сабақ жүргізді. Көптеген халық әндерін білдім және оқушылар да оларды біліп, ән айтуды талап етті.
Ол облыс бойынша музыка туралы дәрістерімен өнер көрсететін алғашқы оқытушы - музыкатанушы болды.
Қазіргі уақытта бөлімде педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар педагогтар жұмыс істейді. 17 оқытушының 12-і жоғары санатты. Бұл жоғары шығармашылық әлеуеті бар тәжірибелі, білікті педагогтар. Оқытушылар заманауи оқу бағдарламаларын әзірлейді,зерттеу қызметімен айналысады, конференцияларға қатысады, әдістемелік жұмыстар мен ғылыми мақалаларды жариялайды. Бөлімнің көптеген педагогтары Республикалық деңгейдегі наградалармен және атақтармен марапатталды. Педагогтар өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөледі.
Бөлім музыкалық мектептердің педагогтарымен және колледждің әлеуетті талапкерлерімен жүйелі жұмыс жүргізеді. Педагогтар бастауыш буын педагогтарының әдістемелік әзірлемелерін жүйелі түрде рецензиялайды; кеңес береді, әдістемелік көмек көрсетеді, Павлодар облысының БММ мастер-кластар өткізеді; облыс мектептерінің бітіруші – педагогтарымен байланыс жасайды.
Теориялық бөлім ұжымы балалар музыка мектептерінің қызметіне жетекшілік етеді, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. Колледж базасында жыл сайын облыстың музыкалық мектептері арасында сольфеджио және музыкалық әдебиет бойынша олимпиадалар өткізіледі.
Бөлім өзінің білімін өскелең ұрпаққа жеткізуге ұмтылған музыкаға адал, жақсы кәсіби мамандарды тәрбиелейді.