Бөлім басшылығы және педагогтары
- Category: Үрлемелі және соқпалы аспаптар
- Published on Wednesday, 11 March 2020 12:31
- Written by Administrator
- Hits: 3699
Шлегель Владимир Андреевич 1999 жылдан бастап "Үрмелі және ұрмалы аспаптар" бөлімінің меңгерушісі, "Құрмет" орденінің иегері, "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері, "Еңбек ардагері" медалінің иегері, үрмелі оркестр жетекшісі. Труба сыныбы бойынша арнайы пәндер оқытушысы (арнайы аспап, ансамбль сыныбы, оркестр сыныбы, дирижерлеу және оркестрмен жұмыс). Жоғары арнаулы білім - Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы, 1983 ж. Көптеген үрмелі аспаптарда орындаушылардың халықаралық, республикалық, облыстық байқауларының, түрлі комиссиялардың қазылар алқасының құрамына қатысты. Көп жылдар бойы Владимир Андреевич орындаушылық және педагогикалық практиканы сәтті үйлестіріп, әртүрлі мектептер мен трубада ойнауды үйрету әдістеріне қызығушылық танытады. Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының лауреаты. Оқыту барысында В. А. Шлегель көптеген республикалық және халықаралық лауреаттарды дайындады. |
|
Шлегель Ольга Владимировна Педагог-зерттеуші, валторна сыныбының оқытушысы, (арнайы аспап, аспапта ойнауды оқыту әдістемесі, дирижерлеу және оркестрмен жұмыс, оркестрлік партитураларды оқу). Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Жоғары арнайы білім Астрахан Мемлекеттік консерваториясы (2002ж.), 2005ж. бастап дарынды балаларға арналған мектеп – интернатының "үрмелі және ұрмалы аспаптар" бөлімінің меңгерушісі. 2007-2012 жылдары Павлодар Музыкалық колледжінің симфониялық оркестрінің дирижері. Үрмелі аспаптарда орындаушылардың халықаралық, республикалық, облыстық көптеген байқауларының қазылар алқасының құрамына қатысты. Сынып студенттері жүйелі түрде республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары атанады. Сонымен қатар Ольга Владимировна оқу-әдістемелік қызметпен белсенді айналысады. "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. |
|
Мулкаразов Мухит Кабышевич, Педагог-модератор, саксофон сыныбы (арнайы аспап, ансамбль сыныбы, БММ репертуарын зерттеу, туыстық аспаптар, педагогикалық практика), жоғары білім - Шымкент педагогикалық мәдениет институты. Әл - Фараби 1993 ж. 1993-1994 ж. Тараз қаласының облыстық филармониясындағы "Жас толқын" эстрадалық ансамблінің жетекшісі, 1994 ж. - 2008 ж. Жамбыл музыкалық колледжінде оқытушы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап "Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп - интернат кешені" ММ оқытушысы. Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының лауреаты. |
|
Бондаренко Татьяна Алексеевна Педагог-зерттеуші, флейта сыныбы (арнайы аспап, ансамбль сыныбы, дирижерлеу және оркестрмен жұмыс, оркестрлік партитураларды оқу, аспаптану, педагогикалық практика) жоғары білім - Астрахан Мемлекеттік консерваториясы - 2004 ж. Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсының лауреаты. Үрмелі аспаптарда орындаушылардың республикалық, өңірлік конкурстарының қазылар алқасы ретінде қатысты. Облыстың музыкалық мектептерінде шеберлік сабақтарын өткізуге белсенді қатысады. Павлодар облысының Білім басқармасынан Облыстың білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасының иегері. "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері. |
|
Тен Айман Шорабековна, Педагог-сарапшы, флейта сыныбы (арнайы асап, педагогикалық практика), жоғары білім – Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы, 1999 ж. Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауының лауреаты. Иса Байзақов атындағы Облыстық филармониядағы симфониялық оркестрінің әртісі. "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің иегері. |
|
Усенов Диас Алданович, Педагог-сарапшы, кларнет сыныбы (арнайы аспап, ансамбль сыныбы, дирижерлеу және оркестрмен жұмыс, педагогикалық практика). Жоғары білім – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, 2014 ж. 2012-2014 ж. МАОБТ симфониялық оркестрінің әртісі. 2014 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің әртісі. |
|
Нугыманов Алмас КуанышбековичПедагог-модератор, фагот сыныбы, (арнайы аспап, ансамбль сыныбы, БММ репертуарын зерттеу, оркестр партияларын зерттеу, дирижерлеу және оркестрмен жұмыс істеу, оркестр партитураларын оқу, туыстық аспаптар) бакалавр - Қазақ ұлттық өнер университеті, 2013 жыл. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің әртісі. |
|
Пичугин Дмитрий Александрович, педагог-модератор, тромбон сыныбы (арнайы аспап, БММ репертуарын зерделеу, оркестрлік партияларды зерттеу, оркестрлік партитураларды оқу, туыстық аспаптар, аспаптану, педагогикалық практика), бакалавр - Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, 2023ж. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің әртісі. |
|
Карменов Ерболат Культаевич, Педагог – модератор, ұрмалы аспаптар сыныбы, (арнайы аспап, педагогикалық практика), жоғары білім – Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы, 1988 ж., 1-ші санат. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық оркестрінің әртісі. |
|
Доморощенов Юрий Николаевич, Педагог-модератор, ұрмалы аспаптар класы, (арнайы аспап, оркестрлік партияларды зерттеу, БММ репертуарын зерттеу, аспаптану, педагогикалық практика). Бакалавр - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2019 ж. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің әртісі. |
|
Каиров Бауыржан Кайратович, арнайы және топтық пәндердің педагог-модераторы, (мамандығы - труба, БММ репертуарын зерттеу, оркестрлік партияларды зерттеу, дирижерлеу, орындаушылық өнер тарихы, туыстық аспаптар, педагогикалық практика) "Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені" ММ-нің алғашқы түлектерінің бірі (Шлегель В.А. сыныбы). 2015 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (профессор Ю.С. Клушкин сыныбы), Алматы 2019ж. республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. |
|
Сембаев Арон Аргынович, Педагог-модератор, (мамандығы - тромбон, оркестрлік партияларды зерттеу, дирижерлеу, педагогикалық практика), бакалавр - 2019 ж. Қазақ ұлттық өнер университеті. Магистратура - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - 2022ж. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің әртісі. |