"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу
Жоспарлау
Жиынтық жоспар
Стратегиялық даму жоспары
Бөлімдер
Фортепиано
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Ішекті аспаптары
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Қазақ халық аспаптары
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Орыс халық аспаптары
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Үрлемелі және соқпалы аспаптары
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Эстрадалық аспаптары
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Музыкалық білім беру
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Ән салу
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Хор дирижеры
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
Музыка теориясы
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Сапа саясаты
Жетістіктер
"Жалпы білім беру пәндер" ПЦК
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
"Міндетті фортепиано" ПЦК
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Жетістіктер
"Концертмейстерлер" ПЦК
Бөлім тарихы
Бөлім басшылығы және педагогтары
Жетістіктер
Ұжым
Ішекті аспаптар ансамблі
Гитаристшілер ансамблі
Үрлемелі және соқпалы аспаптар ансамблі
Қобызшылар ансамблі
Орыс халық аспаптарның ансамблі
«Ән салу» бөлімінің вокал ансамбльдері
«Ретро» қыздар вокал ансамблі
«Музыкалық білім беру» бөлімі оқушыларының вокал ансамбльдері
Джаз оркестрі
Үрлемелі оркестр
Камералы оркестр
Қазақ халық аспаптар оркестрі
Орыс халық аспаптар оркестрі
Симфониялық оркестр -тарих
Аралас хор
Ер балалар хоры
Музыкалық білім беру бөлімінің хоры
Оқу үдерісі
Сабақ кестесі
Көптілділік
Нормативтік құжаттар
Мемлекеттік бағдарламасы 2016 - 2019
Қазақстан Республикасының білім туралы заңы
2050 стратегиясы
Тілдердің қызмет етуі және дамуы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
Жұмыс жоспары
Мақалалар
Есептер
Студентер жетicтiгi
Сабақ кестесі
Аралык аттестаттау
Емтихандар
Корытынды аттестаттау
Түлектің моделі
Жергілікті құжаттар - ережелер
Оқу жұмысы
Оқу-әдістемелік жұмыс
Тәжірибе
Оқу-ағарту жұмысы
Қосымшалар
Есептер
Жылдық есеп
Қорытынды аттестаттау
Ағымдық аттестаттау
Образовательные программы
Колледж және жатақхана ережелері
Тәрбие үдерісі
Концерттік қызмет
Сыныптан тыс іс-шаралар
2021-2022
2020-2021
Қамқоршылық кеңес
Карантин кезiнде студенттер
Рухани Жанғыру
СӨС
Студентер жетістігі
Әдістемелік жұмыс
Әдіскер
Жоспарлау
Бiлiктiлiктi арттыру курстары бойынша ақпарат
Әдістемелік көмек
Кітапхана
Кітапханашы
Кітапхана
Жылдық жоспар
Дыбыс жазу
Талапкерге
Талапкерге
2023, Подано заявлений
Психологиялық қызмет
Психолог
Материалдар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Адалдық аланы
"Саналы ұрпақ" клубы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
Сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама
Ангелы MuzLife ерiктiлерi
Құжаттар
Iс-шаралар тiзiлiмi
Рустембек Омаров
1-курсқа оқуға түсушілердің тізімі
Конкурстар, фестивальдер, конференциялар
Қашықтықтан оқыту
Нормативтік құжаттар
Сабақ кестесі
Оқу материалдары
Әдістемелік ұсынымдар
Жастар комитеті
Жастар комитетінің жетекшілері
Жастар комитеті
Фото
Юбилейный год Каныша Сатпаева
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15

Бөлім тарихы

«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» ПЦК – бұл барлық бөлімдерге арналған базалық ПЦК. Оқушылар келесі пәндер бойынша білім алды: Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, экономика негіздер, философия негіздері, әдебиет, тілдер (қазақ, орыс, ағылшын, неміс), жаратылыстану (физика, биология, анатомия, химия), математика, информатика, алғашқы әскери дайындық.
Бөлімнің ашылған жылы: 1959
Бөлім меңгерушісі — Шокенова Кульжан Сакеновна (@gulzhan_sakenovna)
Бөлімнің оқытушылары
Барановских Александр Яковлевич, Шокенова Кульжан Сакеновна, Измайлова Елена Валерьевна, Саратекова Кымбат Кадыргажиевна, Садвакасова Динара Балтабековна, Трушева Шынар Жетписбаевна, Карашина Айнур Алпысбаевна, Опанов Алимхан Карпекович, Асаинова Айжан Туяковна, Иноземцева Екатерина Васильевна, Қилаш Расул Жангельдиноваич.
«Жалпы білім беру пәндері» ПЦК музыкалық колледж құрылғаннан бері жұмыс істейді. Әр жылдары ПЦК жұмыс істеді:
Саматохина Ирина Юрьевна (Орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы) Музыкалық училищеде 1995 жылға дейін жұмыс істеді. Өзінің жауапкешілігі және міндеттемелерімен ерекшеленеді. Сабақтары әртүрлі дидактикалық материалдар, жеке сабақтары бар карточкалармен, сызбалармен, жазба бойынша кестелермен толықтырылған. Әдебиет сабақтарын «Поэзия серебряного века», «Мы мечтою о мире живём», «Поэзия Анны Ахматовой» және т.б. тақырыптар бойынша әдебиеттік-музыкалық композиция түрінде өткізді.. И.Ю. Самотохинаның оқушылары облыстық және қалалық тақырыптық конкурстарда үнемі жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта И.Ю.Самотохина Ресей Федерациясында тұрады.
Мамытбекова Ж.К. (қазақ тілі пәнінің оқытушысы) Музыкалық колледжде 2002 жылға дейін жұмыс істеді, тіл кабинетін дайындады. Жамал Каирбековна жалпы білім беру пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы міндеттерін атқарды. Белсенді қоғамдық жұмыстарын жүргізді, бірнеше жыл бойы кәсіподақ төрайымына сайланды. Ұжым арасында тіл табыса алатын мінезімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта Мамытбекова Ж.К. отбасымен Астана қаласында тұрады.
Никифирова Тамара Борисовна (Орыс тілі пәнінің оқытушысы) Музыкалық училищеде 1985 жылға дейін жұмыс істеді. Дайындық курстарының жетекшісі мен жатақханада тәрбиешінің міндеттерін атқарды. Сенімді, жауапты және өте талапты қызметкер. Ол жатақханада тұратын оқушыларға жақсы тәлімгерлік етіп, оларға ақыл-кеңесін айтып, түсінуге тырысты. Қазір Тамара Борисовна зейнеткерлік демалыста. Яковлева Раиса Георгиевна (Химия және физика пәндерінің оқытушысы) Музыкалық училище 1986 жылға дейін жұмыс істеді. Жұмыс істеген жылдары өзінің пәндері бойынша сабақтарға арналған зертханалық мектеп құрал-жабдықтарын құрастырды. Оқушыларының үлгерімдері жоғары болды. Жоғары белсенді және үздік жұмыстары үшін әкімшіліктен грамоталар мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Акимбаев Бекханыч (Әдебиет пәнінің оқытушысы) Музыкалық училище 1959 жылдан бастап 1984 жылға дейін жұмыс істеді. Ол жалпы білім беру циклі бөлімінің ұжымында ең жарқын тұлға болатын. . Ол зияткерлігімен, адамдарды құрметтей білуімен ерекшеленді. Сабақтары бәріне танымал өлеңдермен толықтырылған. Ол оқушыларды Анна Каренина әлемі, Тургенев кейіпкерлерінің немесе Шолохов казактарының әлемімен таныстырды. Акимбаев Бекханычтың дүниеден өткеніне көп жылдар болды, түлектері мерейтойлық шараларда кездесіп, жылы сезіммен Акимбаев Бекханычты еске алады.
Абрамова Мария Алексеевна (Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы) 1948 жылы Челябинск облысында дүниеге келді. 1970 жылы Павлодар педагогикалық институтын аяқтады, қала мектептерінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы ретінде жұмыс істеді, 1975-1977 ж.ж.- қалалық атқару комитетінде дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас нұсқаушысы ретінде жұмыс істеді. 1977 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін музыкалық колледжде жұмыс істейді.
Мария Алексеевна сабақтарын оқушылар дене шынықтырумен айналасуға ынтасы болғандай. Оқушылар сабақта Норбеков гимнастикасын, бодифлекс, Стерльникова және Пилатес гимнастикасын, бадминтонды меңгереді. Музыкалық колледждің қыздар командасы облыстық жарыстарда 1-орынға ие болды. Мария Алексеевна 1-4 курс оқушыларының жұмыс нәтижелерін бақылайды, талдау жасап, әр оқушыға денсаулығы бойынша белгілі бір ұсыныстарын құрастырады. Қазір Мария Алексеевна зейнеткерлік демалыста находится на заслуженном отдыхе.
Горшкова Екатерина Борисовна (@katrin_amber)
1962 жылы дүниеге келді
(Информатика пәнінің оқытушысы) 1986 жылы ПМУ аяқтаған соң ол әртүрлі салада жұмыс істеді: ПКТИАМ-да инженер-конструктор, бизнес құрылыста менеджер, провайдер компания әкімші. 2002 жылдан бастап оқытушылық қызметі басталды – Мәскеу қаласының экономика және құқықтану институтының филиалында, 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін музыкалық колледжде. Екатерина Борисовна – деңгейі жоғары маман. Бүкіл компьютерлік технологияны меңгереді. Оның музыкалық кешенде бірыңғай ақпараттық кеңестікті құрастыру жобасы білім беру Департаментімен бекітіліп, қаржы жұмсалынды. Екатерина Борисовнаның сабақтары өте қызық, сауатты құрастырылған, әртүрлі. Тобындағы үлгерімі үнемі жүз пайызға жетеді. Екатерина Борисовна – таң қалардық жан-жақты адам: ол спорттық гинастикамен, халық және бал билерімен айналасты, бес жылдан астам бал билері студиясын басқарды және «Интернет-диван» қоғамдық ұйымының жетекшісі болды. Қазіргі уақытта «CAYO» халықараолық оркестрінің директоры. Соңғы жылдары халықаралық форумдарды ұйымдастырып, өткізді. Ақпараттық ағартушылық қызметпен айналасады: облыс педагогтарына курстар мен семинарларды өткізеді. «Музыкалық Ертіс өңірі» облыстық альманахтың редакторы болып табылады.
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР
Барановских Александр Яковлевич
«Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы)
1958 жылы Қырғызстанда дүниеге келді. Мектептен кейін әскерге барды, кейін Ульяновск қаласында (Самара) Хмельницкий атындағы жоғары әскери-техникалық училищесіне түсті. Қатардағы жауынгерден полковникке дейінгі барлық әскери атақтарының сатыларынан өтті. СССР және ГДР елдерінде қызмет етті.
2000 жылдан бастап запасқа шығарылып, Павлодар қалысы мектептерінде, лицейлері мен колледждерінде АӘД оқытушысы ретінде жұмыс істей бастады. Барановских А.Я. әскердегі тәрбие жұмысының тиімділігі үшін ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен, ССР және ҚР Қорғаныс министрлігінің грамоталары және құнды сыйлықтарымен марапатталды. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Александр Яковлевич музыкалық колледжде АӘД оқытушысы ретінде жұмыс істейді. Ол әскери-патриоттыө тәрбие бойынша жастармен жұмыс істейді, бозбалаларды ҚР Қарулы күштеріне қызметке дайындайды. Одан басқа, Александр Яковлевич жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстармен айналасады, колледждегі тәртіпті қамтамасыз етуіне ерекше назар аударады. Барановских Александр Яковлевич оқушылар және оқытушылар арасында беделдігі мол.
Шокенова Кульжан Сакеновна (@gulzhan_sakenovna)
1964 жылы Павлодар облысының «Северный» ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін жиһаз фабрикасында, одан соң – «Северное» ауылының комсомолды ұйымының хатшысы және мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде жұмыс істеді. Бір уақытта Павлодар институтында сырттай оқыды, филология факультеті және 1995 жылдан бастап музыкалық колледжде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде жұмыс істейді. Осы жылдар бойы Кульжан Сакеновна әріптестері мен оқушылары арасында құрметке лайық. 2014 жылы «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК төрайымы болып тағайындалды. Ол өзінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін үнемі арттырып отырады. Шокенова Кульжан Сакеновна сабақ жүргізу мәселелері бойынша баяндамалармен сөз сөйлейді. Сабақтары қызық өтеді.
Күлжан Сәкенқызы алға қойылған міндеттерді шешуде ерік-жігерге, дербестікке ұмтыла отырып, студенттерді ғана емес, өз әріптестерін де үлгі және сендіру күшімен бағындыруға қабілетті. Оның студенті Аксенов 2018 жылы В.Маяковскийдің шығармашылығына арналған облыстық конкурста, орыс тілінен «Олимп – 2018» халықаралық экспресс - олимпиадасында - Темичева Д , Логинова Л, Яковлева О, Борисов Д, Багаева 1орын, Бүкілресейлік әдебиет байқауында: «М.Цветаева. тебе- через сто лет» (2019) 1 – орын Темичева Д, сондай-ақ «Жылдың үздік мұғалімі-2018» І халықаралық байқауында 2-орын алды.
Күлжан Сәкенқызы-тамаша педагог, жас әріптестер үшін сенімді көмекші.
Измайлова Елена Валерьевна
(Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы) (Павлодар қаласында 1970 жылы дүниеге келді) 1992 жылы ППИ аяқтағаннан кейін (ағылшын тілдер факультеті) ағылшын және неміс тілдері пәндерінің оқытушысы біліктілігін алды. Қаланың әртүрлі мектептерінде жұмыс істеді, 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін музыкалық колледжде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Оның сабақтары әртүрлі дидактикалық материалдармен толықтырылған, ол сөйлеу мәдениетінің дамуына ерекше назар аударады. Елена Валерьевна сабақтарының түрлері – ойын ретінде, театрланған, саяхат сабақтары және т.б. Оқушылармен жұмыс істеу барысында тұлғалық-бағдарлы оқыту ұстанымдарын, әр оқушыға жеке тәсіл қолдануын басшылыққа алады, оқушыларының табыстарына мәз болады. 2018 году студенттер облыстың көптілділік конкурсына белсенді қатысып, 3-орынға ие болды. Елена Валерьевна «British through the music» (ғылыми жинақта жарияланған) жұмысының ғылыми жетекшісі болды, 3 курс студенті В.Шалапованың облыстық оқытушылар бірлестігінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Оқытушылық ұжымда құрмет пен құрметке ие.
Саратекова Кымбат Кыдыргажиевна (@kymbat78k)
(Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы) 1999 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Қазақ тілі және әдебиет» факультетін аяқтады. 2001 жылдан бастап музыкалық колледжде қазақ тілі пәнінің оқытушысы ретінде жұмыс істейді. Саратекова Кымбат Кадыргажиевна – шығармашылық потенциалы бар, заманауи оқыту әдістерін меңгерген, терең теориялық дайындығы бар оқытушы. Оқытушы арнайы курстар, зияткерлік жарыстар мен олимпиадалар ұйымдастыру арқылы сабақ уақытында да, сабақтан тыс уақытта да сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. Кымбат Кадыргажиевна оқушылармен қосымша сабақтарын өткізеді. Педагог қалалық және облыстық, республикалық және облыстық семинарлар мен байқауларға белсенді қатысады:
2017 ж. «Жаңашыл мұғалім-2017» республикалық байқауының финалисті
2017 ж. 28-29 сәуір аралығында профессор Т. Сайрамбаевтың 80 - жылдығына арналған «Өркениет бәсекелестігіндегі қазіргі қазақ тілі: зерттеу парадигмалары және оқытудың мобильді технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференцияға қатысу (Алматы,. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ)
2017 ж. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану» тақырыбында тамыз конференциясында сөз сөйледі.
Оқытушы келесі жұмыстарды әзірледі:
2017 жыл: «Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»тақырыбындағы тәжірибені жинақтау (рецензент: С.Торайғыров атындағы ПМУ, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.О.Абдырова); 2017 жыл: «Сыныптан тыс іс-шаралар жинағы» (рецензент: ПМПУ аға оқытушысы, Ph.D докторант Г.Ә.Сағнаева).
Біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
2017 жыл: ПМПИ, №464 «Түрлі пәндік салалардағы интерактивтік оқыту әдістері»;
2017 жыл: «Қазақстан Республикасындағы филологиялық білім берудің қолданбалы аспектілері: мәселелері және даму перспективалары», Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ им., (№ 11/06-26-153;2017).
2020 жыл: «Педагогтердің ІТ құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» №06295, 11.08.20 ж.
2020 жыл: «Қашықтан оқуды үйренемін», 13.08.20 ж.
2020 жыл: 28.09.20 № 0061 Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.
Музыкалық колледж ұжымында құрмет пен беделге ие.
Садвакасова Динара Балтабековна (@saddinar1438877)
(Мемлекеттік тілде Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы пәндерінің оқытушысы) 1981 жылы дүниеге келді. 2006 жылы ПМПИ «Тарих, құқық және экономика негіздері» факультетін үздік біріп, сол жылдан бастап музыкалық колледжде мемлекеттік тілде топтарда қоғамдық пәндерінде жұмысын бастады.
Білім берудің заманауи мақсаттары мен міндеттерін білу, мемлекеттік стандартты терең пысықтау оқытушыға білім беру мен даму міндеттерін жоғары деңгейде іске асыруға мүмкіндік береді.
Динара Балтабековна үнемі өзінің білімі мен іскерлігін арттыруға тырысады: колледж бойынша әріптестерінің сабақтарына, қала колледждерінде қоғамтану бойынша оқытушылардың сабақтарына, сондай-ақ түрлі семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарына қатысады.
Динара Балтабекқызы арнайы курстар, зияткерлік жарыстар ұйымдастыру арқылы сабақ уақытында да, сабақтан тыс уақытта да сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. «Дін және дәстүр» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына, «Эврика» ғылыми конференциясына (Екібастұз қ.) қатысты, «Тарих және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың инновациялық тәсілі» атты тарих пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен мен тәжірибені жинақтауды әзірледі.
Д.Б. Садвакасованың кәсіби педагогикалық қызметі грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Трушева Шынар Жетписпаевна
(Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы) 1984 жылы дүниеге келді.
Педагогикалық өтілі - 7 жыл. 2002 жылы орта мектепті үздік бітіріп, грант бойынша ПМУ түсті және 2006 жылы филология бакалаврын алып, оқуды аяқтаған соң ПМПИ «Қазақ тілі және әдебиеті» факультетіне мемлекеттік грант бойынша оқуын жалғастырды. Сол жылы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ аудармашы болып жұмысқа қабылданды. 2008 жылы магистрдің академиялық дәрежесін алып, колледжде Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оықтушысы ретінже жұмыс істей бастады. Шынар Жетписпаевна кез келген мүмкіндікті пайдалана отырып оқуын жалғастыруда.
2006 жылы «Аударма теориясы және практикасы» курстарына қатысты, 2008 жылы «Ақпараттық маркетинг» тақырыбы бойынша семинарға қатысты. 30-ға жуық ғылыми-әдістемелік журналдар мен газеттерде ғылыми мақалалары жарияланған. «Сарыарқа самалы», «Ұстаздар», «Педагогический вестник» және колледж сайтында мақалалары басылып шығарылады. Педагог «Қазақ тілінен диктанттар жинағы», «Музыкалық терминдер жинағы», «Кәсіби қазақ тілі бойынша тесттер жинағы» әзірледі. Өздігінен білім алады, қалалық, облыстық, республикалық семинарларға, конференцияларға, фестивальдер мен форумдарға белсенді түрде қатысады.
Біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
2019 жыл: «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәндік құзыреттілікті дамыту («Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру саласында)» ПМПУ № 1217, 28.03.19;
2019 жыл: «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту процесіне критериалдық бағалаудың әдістерін енгізу» «Кәсіпқор» холдингі» КАҚ;
2019 жыл: «Қалыптастырушы бағалау және кері байланыс» тренинг пен «Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер» коучингі, г.Павлодар НИШ
2019 жыл: «Кәсіподақ менеджменті бастауыш ұйымды басқару жүйесі ретінде» Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы
2020 жыл: «Педагогтердің ІТ құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» №06295, 11.08.20 ж.
2020 жыл: «Қашықтан оқытуды үйренемін» от 13.08.20 ж.
2020 жыл: 28.09.20 № 0073 Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курс өтті.
Шынар Жетписпаевна атқарушы, өзіне талапшыл, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың құрметіне ие, әрқашан да ақкөңіл, оң ниетті.
Асаинова Айжан Туяковна
«Ағылшын тілі» пәні бойынша қоғамдық білім беру пәндері бөлімінің оқытушысы. Жоғары білім, 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. Педагогикалық өтілі -5 жыл. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жыл. «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Кайпбекова Динара Сагынтаевна
Колледждің педагог-психологы, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы. Білімі:
- 2006 ж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, мамандығы: «Педагогика бакалавры» (білім басқармасындағы менеджмент);
- 2008 ж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын Магистратура «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді.
- 2013 ж. Инновациялық Еуразия университеті, мамандығы: «Заң бакалавры»; екінші санат, педагогикалық өтілі-9 жыл.
«Педагогика және психология» магистрі ғылыми дәрежесі.
«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ жұмыс істеген уақытында оқудан өтіп, қатысты:
-Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Дағдарыс жағдайларын еңсеру бойынша жұмыстың тиімді әдістері» оқыту тренингіне қатысқаны үшін сертификат, Павлодар қ.; «Медиативтік технологиялар, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу» семинар-тренингінен өткені үшін сертификат: «Мир» аймақаралық медиация орталығы ЖМ, «Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы» ММ; Алматы қаласы, Юнеско клубының «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығы «Педагогикалық полилогы» семинар-тренингіне қатысқаны үшін сертификат; Біліктілікті арттыру курстарынан өткені үшін сртификат: «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог-психологтың қызметін ұйымдастыру» 40 сағат көлемінде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Алматы қаласы; 40 сағат көлемінде «Әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру курстарынан өткені үшін сертификат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Павлодар қаласы; 72 сағат көлемінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Өзін-өзі тану: теория және практика» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаны үшін сертификат. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, қосымша білім беру институты; «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ жанындағы балалар базалық музыкалық мектебінде білім алушылар үшін тұлғалық өсу тренингі; «Педагогтардың IT - құзыреттерін
дамыту және қалыптастыру» біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны үшін сертификат (36 сағат қашықтықтан), 11.08.2020 жыл. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Біліктілікті арттыру курстарын 40 сағат көлемінде аяқтағаны үшін үздік сертификат «Қашықтықтан оқытуды үйренемін», пәні: Өзін-өзі тану. NIS Nazarbayev Intellectual School 10.08.20.
Иноземцева Екатерина Васильевна
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Туған жылы - 19.10.1989.
2007 жылы Ю.Гагарин атындағы мектепті бітірді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын үздік бітірді. Ауыр атлетика бойынша спорт шеберінің үміткері. < 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық интститутта блім алды. Біліктілігі – Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, спорт түрлері бойынша жаттықтырушы. Институтты қызыл дипломмен аяқтады. Ауыр атлетикадан спорт шеберінің кандидаты (классика).
Бірнеше рет Қазақстанның республикалық Универсиадаларында институттың намысын қорғап, чемпион және жүлдегер атанды. Облыстық жарыстарда (еркін күрес, жүзу) өнер көрсетіп, жүлделі үштікте болды.
Институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын бастады, 2012 жылдан бастап музыкалық колледжде жұмыс істейді. Студенттермен жұмыс барысында «Пилатес», «Степ-аэробика» жүйесін қолданады, бұл оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырады .

Нурбаев Нуржан Кайратович
Информатика оқытушысы, жоғары білім – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты,2019 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру процесіне ІТ-технологияларды енгізу», 2020 жылы «ІТ-құжаттардың дамуын және жетістіктерін дамыту», «Информатика» орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беретін «Информатика» пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті, сабақтарда ақпараттық технологияларды сәтті қолданады.
Қилаш Расул Жангельдинович
1993 жылы 3 қарашада Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Северное ауылында дүниеге келген. 2011 жылы мектепті бітіргеннен кейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсті: тарих және құқық факультеті, мамандығы бойынша тарих бакалавры. Оқу барысында университеттің студенттік және ғылыми өмірінде аз жетістіктерге жетті: - Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ тарихы бойынша Республикалық студенттік олимпиадада III орын. Қарағанды қ. 2014 ж.; - C. Торайғыров атындағы ПМУ
тарихы бойынша аймақтық студенттік олимпиадада I орын. 2013 ж.-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференцияда III дәрежелі Диплом. 2014 ж., Қарағанды қ.; - С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Сәтпаев оқулары» Халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны туралы Сертификат. Е. А. Букетов атындағы ҚарМУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны туралы Сертификат; 2013 ж., Қарағанды қ.; - С. Торайғыров атындағы ПМУ «Сатпаев оқулары» Халықаралық ғылыми конференциясында II дәрежелі диплом. 2013 жылы. Жалпы 10 ғылыми жарияланым, оның ішінде шетелде де. Сондай-ақ «Алтын Мұра» студенттік ғылыми қоғамдастықтың жетекшісі және университет жанындағы киноклубтың негізін қалаушы болды. 2015 жылы университетті бітіргеннен кейін Астанадағы жеке білім беру орталығында жұмыс істеді. 2016 жылдың жазында С. Торайғыров атындағы ПМУ тарих кафедрасына startup-магистратурасына түсті. 2017 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде тағылымдамадан өтті, Мәскеу қаласы. Кейс-чемпионатта 300 000 теңге жүлде қорымен жеңіске жетті (фин.талдау, фин.модель, маркетинг стратегиясы, компания миссиясы, логотип және Екібастұз қаласының талғам шеберханасына арналған басқа да көптеген тапсырмалар (MaxiMail). 2018 жылдың жазында гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесі берілді. Магистратураны аяқтағаннан кейін «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ тарих және құқық оқытушысы болып жұмысқа орналасты.