Рустембек Омаров
- Category: Рустембек Омаров
- Published on Wednesday, 14 October 2020 09:57
- Written by Administrator
- Hits: 4319
2021 жылдың 15 қыркүйегінде «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-де «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ету және мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-әрекеті негізінде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жалпы руханиятты жандандыру және азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын дәріптеу мақсатында ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Бейсенұлы Омаровтың шығармашылық мұрасы кабинетінің ашылуы өтеді.
Жобаның мақсаты - ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Омаровтың мәдени және рухани мұрасын кеңінен насихаттау, тарихи деректердің сақталуын және музыкалық туындылардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Жобаның ұйымдастыру комитеті: Кешен ММ басшысы – Сыздыков С.К., Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Рүстембек Омаров атындағы «Қазақ халық аспаптары» оркестрінің жетекшісі – Каримов Т.Б., «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі – Қайыргелдіқызы О., «Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі - Арынова А.Д., «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің оқытушылары - Утемисова С.Р., Байбусынов М.М., «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – Ш.Ж. Трушева, басшының әкімшілік – шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары – К.Ж. Охатаев, жобаның бас менеджері және дизайнері – А.А. Карашина, бағдарламалау және АЕТ бөлімі - Куанышбеков А.Д., Арцханова А.М.
«ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Бейсенұлы Омаровтың шығармашылық мұрасы кабинеті» жобасын іске асыру мақсатында музыкалық колледждің топтық сабақ беру кабинеті жөндеуден өтіп, ethno fusion стилінде жабдықталып, безендіріліп, көрнекті жерлесіміз, талантты домбырашы, виртуоз Рүстембек Омаровтың өмірлік іс – әрекетінің тарихи, шығармашылық мұрасын қамтиды.
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы бұл жоба Ертіс өңірінің шығармашылық мұрасы мен өнеріне деген қызығушылықты арттырып, Павлодар облысының көптеген маңызды мәдени оқиғаларына жол ашады деп үміттенеміз.
ҚазКСР Халық әртісі Рүстембек Омаровтың (1919-1988) орындауындағы күйлер
1. Халық күйі – Ақсақ құлан |
|
2. Абыл – Нарату (І нұсқа) |
|
3. Құрманғазы «Ақсақ киік» |
|
4. Құрманғазы – Бозшолақ (ІІ түрі) |
|
5. Құрманғазы – Жима (І түрі) |
|
6. Құрманғазы – Қызыл қайың (І түрі) |
|
7. Құрманғазы – Машина |
|
8. Құрманғазы – Саранжап |
|
9. Құрманғазы – Серпер |
|
10. Құрманғазы – Төремұрат (І нұсқа) |
|
11. Дәулеткерей – Аңшылық |
|
12. Дәулеткерей – Қос ішек |
|
13. Әлікей – Сыбырлақ |
|
14. Қазанғап – Торы ат |
|
15. Қауен – Сәнау |
|
16. Дина – Байжұма |
|
17. Дина – Жеңіс |
|
18. Дина – Тойбастар |
|
19. Оқап – Адасқан |
|
20. Ахмет Жұбанов – Би күйі |
|
21. Мәкәлім Қойшыбаев – Жастар |
|
22. Рүстембек Омаров – Жастық шақ |
|
Арқа күйшілік мектебі. |
|
Батыс күйшілік мектебі. |
|
Жетісу күйшілік мектебі. |
|
Қаратау күйшілік мектебі |
|
Маңғыстау күйшілік мектебі. |
|
Сыр бойы күйшілік мектебі. |
|
Шығыс күйшілік мектебі. |