2023,наурыз,13 апта Ұлттық стиль
Бүгін 13 наурызда Музыкалық колледжде “National style” күні аталып өтті. Аталмыш шарада ұстаздар,оқушылар ұлттық нақышта киімдер, әшекей-бұйымдарымен сәнденіп, келе жатқан Ұлыстың ұлы күні “Наурыз” мейрамына дайындығымен, асыға күтуімен көркемдеді. Сонымен қатар, бұл шараның ерекшелігі: әрбір қатысушы әлеуметтік желіде ұлттық киіммен фото жариялап және #muzcollpvl хештегін көрсету арқылы ең көп лүпіл,пікір жинаған қатысушы-жеңімпаз ертең сыйлықпен марапатталатын байқаумен өрнектелді. Көктемнің шуақты мерекелерінің қуанышы, табиғаттың жаңаруы,жандануы барлық қауымға тек көтеріңкі көңіл күй сыйлары анық. Сол себеп Жаңа жылымыздың барша қауымға тек ырыс,құт,береке сыйларына үмітпен, риясыз сеніммен,тілекпен қарсы алуға дайындығының дәлелі болғай!
Мақала авторы – Утемисова С.Р.