2024,наурыз,20 II-республикалық байқауының жабылу салтанаты
Павлодар музыкалық кешені жанындағы дарынды балаларға арналған музыкалық-мектеп интернатының 20 жылдығы және музыкалық колледжінің 65- жылдығына арналған Қазақстанның мамандандырылған музыка мектептері мен колледждері оқушылары мен студенттері арасындағы жас орындаушылардың II-республикалық байқауының жабылу салтанаты өтті.
Үш күн бойы арнайы фортопиано мен үрлемелі және соқпалы аспаптар номинациялары бойынша байқаудың жас қатысушылары өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсете отырып, үздік болу үшін жарысты!
«Арнайы фортепиано» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Қарағанды қаласынан Ангелина Сакович, Астана қаласынан Томирис Белгібай, Бексұлтан Көпбай, Лия Дулати және Алматы қаласынан Инкар Умбетиар, Санжар Муратов, Ашот Мхитарян, Айжан Шаншарбекова марапатталды. Ал, Алматы қаласынан келген жас өнерпаз Бекасыл Ердосұлы бас жүлде иегері атанды.
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» номинациясының 1 жас тобында Астана қаласынан келген Арлан Орынгали және қарағандылық Леф Садовой 1 орынға ие болды.
2 жас тобында павлодарлық Азиз Салимов, Астана қаласынан Станислав Кудрик, Арсени Кереев және Алматы қаласының жас таланттары Альтаир Тохтабакиев, Сабина Бекмуханбет жүлделі 1 орынға ие болды.
3 жас тобында жүлделі орынға ие болған Астана қаласының жас өнерпазы Нурислам Доспай.
4 жас тобында қарағандылық Мусаев Арман, Өскемен қаласынан Тимур Телеубаев пен Алматы қаласынан келген Алихан Болат 1 орынға ие болды.
Үрмелі және ұрмалы ағаш аспаптар номинациясында жүлделі орынға ие болғандар: Астана қаласының жас өнерпаздары Дария Бекболатова - флейта, Еңлік Шайзада - габой, Диана Ким - кларнет, Ерасыл Қуандық - саксофон, Амина Абдинурова - флейта, Адижан Смагулов - габой, Акерке Тимуркызы - саксофон, Фарида Бастами - флейта, Павел Цветцих – кларнет.
Аталмыш номинацияда бас жүлдеге ие болған Қарағанды қаласының жас өнерпазы Дарья Ванюкова – саксофон, Павлодар қаласынан Жасұлан Турегельды - труба, Астана қаласынан Ертай Мамырбеков - ұрмалы аспаптар.