2025,сәуір,16 Middle East Classical Music Academy
- Category: 2024-2025
- Published on Wednesday, 16 April 2025 11:53
- Written by Administrator
- Hits: 127

Павлодар музыкалық колледжінің делегациясы 2025 жылы өтетін In Classica International Music Festival халықаралық фестиваліне қатысуда. Аталған фестиваль 2025 жылғы 6-25 сәуір аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді.
InClassica — әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік музыканттарды біріктіретін беделді фестиваль. Биылғы жылы фестиваль аясында скрипка шебері Гил Шахам, Максим Венгеров, виолончелист Готье Капюсон сынды танымал орындаушылар, сондай-ақ Tokyo Philharmonic және Franz Schubert Filharmonia оркестрлері өнер көрсетеді.
Фестиваль шеңберінде студенттер тек әлемдік деңгейдегі концерттерге қатысып қана қоймай, Middle East Classical Music Academy (MECMA) ұйымдастырған шеберлік сабақтарына да қатыса алады. MECMA 2025 бағдарламасы, скрипка, виолончель, флейта, кларнет, фортепиано және басқа да аспаптар бойынша жеке сабақтарды қатысушыларға ұйымдастырады. Үздік студенттер Дубайдың беделді концерт залдарында өтетін күндізгі концерттерде өнер көрсетуге мүмкіндік алып, академия курсын аяқтағаны туралы арнайы сертификаттарға ие болады.
Мұндай ірі халықаралық мәдени іс-шараға қатысу — студенттер үшін үлкен тәжірибе, кәсіби дағдыларын жетілдіру және әлемнің түрлі елдерінен келген жас музыканттармен байланыс орнатудың ерекше мүмкіндігі.