2019,қазан, 15 «Global Art Competition»
- Category: 2019,қазан
- Published on Tuesday, 15 October 2019 10:38
- Written by Карашина А.А.
- Hits: 6829

Түркия мемлекетінің Алания қаласында 05-14 қазан аралығында «Global Art Competition» 1 халықаралық музыка байқауы өтіп жатыр. Павлодар музыкалық кешенінен 16 үміткер аттанған болатын, жалпы Қазақстан атынан 30-дан аса үміткер бақ сынауда. Байқауға Түркия, Грузия, Қазақстан мемлекеттерінен музыканттар қатысуда. Бүгін музыкалық колледждің «Ән салу» бөлімінің студенттері Маукенова Жанерке бірінші дәрежелі лауреаты атанса, Шапағат Назым 2 орынды иеленіп Павлодар қаласының және бүкіл Қазақстан Республикасының абыройын асырды. Оқытушы- Мусипова Сауле Талгатовна. Музыкалық колледждің оқытушылары мен студенттерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылықтың биік шыңдарына жетуді тілейміз.






 muscomplexpavl.edu.kz
muscomplexpavl.edu.kz 
															 
															 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					
 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
			 
						        

 
															 
															 
															 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
																									
						
					 
			 
									 
			 
			        