2021,ноябрь,1 Колледж психологы Жанахметова Махаббат Рисбековна және оқытушы Шайкенова Гульжан Сакенова жатақханада 1 және 2 курс қыздарымен "Зиянды әдеттердің алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізді .
- Category: Психологиялық қызмет
- Published on Friday, 01 April 2022 08:45
- Written by Administrator
- Hits: 1203
Колледж психологы Жанахметова Махаббат Рисбековна және оқытушы Шайкенова Гульжан Сакенова жатақханада 1 және 2 курс қыздарымен "Зиянды әдеттердің алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізді . Өз әңгімесінде психолог алкогольді ішуден улану белгілерін сипаттады. Әңгіме кәмелетке толмағандар арасындағы өлім-жітім статистикасы, денеде пайда болатын өзгерістер және патологиялық маскүнемдерге, темекі шегушілерге, нашақорларға қалай көмектесуге болатындығы көрсетілген слайд-шоумен жалғасты. Кульжан Сакеновна алкоголь, темекі және есірткі ештеңені шешпейтінін және оны пайдаланудың мәнсіз екенін, олардың тәуелділікті, және көптеген ілеспе проблемаларды туындататынын түсіндірді. Әңгімені қорытындылай келе психолог сауалнама жүргізді.