Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми – практикалық орталығының бірлескен жоспары шеңберінде психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы мен әдістері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында 2020 жылдың 9 қазанында музыкалық колледжде студенттермен және ата-аналармен ақпараттық-білім беру іс-шарасы өткізілді. Жауапты колледж психологы Д.С. Кайпбекова
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтар»» күніне арналған жалпыреспубликалық ашық сабағымыз. Сабағымыздың қонақтары - профессор, тарих ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Сәуле Насенқызы Мамытованы, PhD, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аслан Дыбысбекұлы Азербаев.
Қашықтан оқытуға көшуіне байланысты кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы ағымдағы жылдың 18 мамыр күні саған 11.00-де онлайн форматында өткізілді.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, оның тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретінде айқындалады.