Музыкалық колледждің «Карантиндегі студент!!!» атты жаңа жобасына барлық студенттері қатысады. Жобаның мақсаты – карантин кезінде студенттің уақытты тиімді пайдалануын көрсету. Карантин кезінде вайн немесе өзі (студент) туралы шағын роликтер форматындағы жұмыстарды көрсету. Вайн және бейне роликтердің ұзақтығы 1 минуттан артық болмауы қажет. Вайндар мен бейне роликтердің мазмұны студенттің карантин кезінде үйде не істеу керектігі туралы материалдарын іріктеу болып табылады. Жұмысты сынып жетекшілеріне жібереміз, олар колледждің ресми бетінде ұсынылатын үздік жұмыстарды іріктейді. Карантин аяқталғаннан кейін жобаның жеңімпаздары мен марапаттау үшін жүлделі орындар анықталады.