2020,ақпан,25 Музыкалық шыңдағы жұлдыздар
25 ақпан күні сағат 11.00-де музыкалық колледждің концертік залында жас музыканттар – балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің музыка бөлімдері оқушыларының 53-ші облыстық фестиваль-конкурсының салтанатты ашылуы өтті.
Конкурсқа Павлодар облысының Павлодар қаласы, Екібастұз қаласы, Шарбақты, Майқайын, Тереңкөл, Ақтоғай, Железинка, Май аудандарының музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары қатысты. Конкурс екі номинация бойынша өткізілді: «Фортепиано» және «Хор ұжымдары».
Конкурстың қазылар алқасының төрағасы – Кешен ММ басшысы С.К. Сыздыков және қазылар алқасының мүшелері, Кешеннің оқытушылары: М.Г. Никитенко, Г.Т. Макышбаева, Е.О. Баторшина, М.К. Нургожинова, М.Х.Колаян, И.Н. Волкова, К.Г. Тыштыкбаева, Б.Е. Татымбек.
Конкурс қатысушылардың алдында Кешен басшысы, комиссия төрағасы Серік Қасымханұлы Сыздықов құттықтау сөз сөйледі. Конкурстың салтанатты ашылуымен Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, «Фортепиано» бөлімінің оқытушысы Евгения Васильевна Шейкинаның мерейтойы бірге өтті. Музыкалық Кешеннің басшысы барлық ұжым атынан Евгения Васильевнаны құттықтап, оған Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасын табыс етті. Өз кезегінде Евгения Васильевна жылы сәлемдесуі үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға: «Бүгін Сіздер сахнада өнер көрсетесіздер, армандарыңыз жүзеге асырылсын, Сіздерге сәттілік тілеймін!!!".
Салтанатты ашылудан кейін 11.30-да ересектер тобының «Фортепиано» номинациясында 1 турды тыңдау басталды. Бағдарлама 3 шығармадан тұрады: полифониялық шығарма, ірі форма, этюд.
Біздің қатысушыларға жеңімпаздардың музыкалық шыңында тек қана жеңіс тілейміз!!!! Ал қаламыздың қонақтарын біздің Кешеннің конкурстық алаңында күтеміз.