2022,cәуір,1 Павлодар облысының жарық жұлдызы кезекті рет лауреат атанды
![](/download/posl_sobyt2021-22/2022apr1rerih.jpg)
Бірінші курстан бастап Рерих Нелли беделді конкурстарға қатысып, тек жүлделі орындардың жеңімпазы атанып жүр. Бүгін Нелли музыкалық колледждер мен мектептер арасындағы XIV Республикалық пәндік олимпиадада 1 орынды жеңіп алғаны белгілі болды. Нелли музыкалық колледждің «Фортепиано» бөлімінің 3-курсында оқиды, оқытушысы «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Инна Николаевна Волкова. Музыкалық колледжде оқыған үш жыл ішінде Нелли 20-дан астам кәсіби конкурстарды жеңіп алды, «Мәдениет» номинациясы бойынша «Ертіс дарыны-2019» жастар сыйлығының бірінші иегері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры стипендиясының лауреаты, «Кәсіби шеберлік» номинациясында облыстық «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаты, Altyn art - Artist kids лицензиаты және «ҚР үздік 100 студенті» атағының иегері.
Неллиге бұдан да жарқын жеңістер мен музыкалық шыңдарды бағындыруда сарқылмас шығармашылық күш-қуат тілейміз және келесі жетістіктер әлемдік деңгейде болады деп үміттенеміз.