2024,желтоқсан,19 «Менің туған жерім!» атты Республикалық байқау

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 13 маусымындағы туризмді дамыту жөнінде жарлығы бойынша Республикалық «SAMURYQ QAZAQSTAN» өнер-білім орталығы 17 облыстың Білім Басқармалары қолдауымен TikTok және Instagram әлеуметтік желісі арқылы Қазақстанның әрбір өңірлерінің популяризация мақсатында «Менің туған жерім!» атты Республикалық байқауын ұйымдастырды.
Бүгін ауқымды жобаның қорытындысы шығарылып, республика бойынша 1 орынды "Үрлемелі және соқпалы аспаптар" бөлімінің 3 курс студенті, МК-МК көшбасшысы, Студенттік Парламенттің цифрлық даму министрі Аверин Илья иеленді.
Ұйымдастырушылар Ильяның жоғары кәсібилігін, бейне-жұмысының сапасы мен монтажын атап өтті.
Түсірілімге қатысқан және қолдау көрсеткені үшін Мэлс Айым, Мейрханов Ғабиден, Черных Георгий және Ерикбаева Алинаға алғысымыз шексіз.