2022,желтоқсан,09 Диляра Асайынова «Жан Шуақ» сыйлығының иегері
Еліміздің астанасында Бейбітшілік және келісім сарайында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясының ұйымдастыруымен «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бұл сыйлық мүмкіндігі шексіз, тағдыр тауқыметін жеңе білген, қиын өмір жолынан өткен, қазір көмекке зәру жандарға қол ұшын созып жүрген мықты мотиваторларға арналған.
Сыйлық тағайындалғалы бері Қазақстаннан70-тен астам ерік-жігері мықты адамдар, сондай-ақ АҚШ, Литва, Польша, Эстония және әлемнің басқа елдерінен лауреаттары атанды.
«Мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері үшін» республикалық және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, Павлодар музыкалық колледжінің «Ән салу» бөлімінің 4 курс студенті Диляра Асаинова «Жан шуақ» сыйлығының иегері атанды.