2022,желтоқсан,02 Музыканттар Барнаулдан 23 жүлде алып келе жатыр
2 желтоқсанда Барнаул қаласындағы «Сибирь» концерт залында халық аспаптарында ең дарынды және болашағы зор орындаушыларды анықтауға бағытталған «Серебряные струны» атты ішекті шертпелі аспаптарда орындаушылардың VI халықаралық байқауының ашылуы өтті. Үш күн бойы балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, орта арнаулы оқу орындарының, мәдениет және өнер университеттерінің «домра», «балалайка», «гитара» мамандықтары бойынша оқушылары, студенттері мен ұстаздары, сондай-ақ ұлттық шертпелі аспаптарда орындаушылар чанза, домбыра, топшұр сияқты аспаптарында бақтарын сынап байқауға қатысты.
Байқау бағдарламасының қорытындысы бойынша ««Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-сі Павлодар облысының жетістігінің қазынасына 23 жүлде әкелді. 1 орын: Айкенова Айзере, Нұрмұхамет Дайна, Қайыржанова Айдана. 2 орын: Жансүгірова Айжан, Серіков Қуаныш, Қоңротбаева Нұрай, Дос Жансая, Болатбекова Жасмина, Әуелбек Зарема. 3 орын: Хидирбоева Меруерт, Каримова Әлия, Қали Жәния, Бекмұхамет Жансая, Даирова Дария, Арынова Қымбат, Батталова Найля, Тілеубаева Амина, Қанатбек Іңкәр, Зейнолла Ардақ. Байқаудың дипломанттары: Тоқбатырова Айшегүл, Балғабаева Аружан, Безпалая Лариса, Усенова Карина.