2022,желтоқсан,10 «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті»
Дарынды жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және білімі, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке жеткен үздік колледж студенттерін дәріптеу мақсатында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық конкурсы өткізілді. Республикалық кезеңге еліміздің 20 өңірінен 199 адам қатысты. Іріктеу нәтижелері бойынша үздік 100 студенттің есімдері аталды, олардың ішінде біздің облыстың 9 студенті бар.
2022 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласының Оқушылар сарайында концерттік бағдарламамен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі алдында студенттердің ҚР Оқу-ағарту министрі А.Қ. Аймағамбетовпен кездесуі ұйымдастырылды, ол жеңімпаздарды құттықтап, студенттерді әрқашан жаңа табысқа және мақсаттарға жетуге ұмтылуға шақырды. Сонымен қатар жеңімпаз студенттерге арналған мастер-класс өткізілді.
Жеңімпаздарға құттықтау сөздері айтылды, олар дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Студенттердің жетекшілері жоғары дайындық деңгейі мен педагогикалық шеберлігі үшін алғыс хаттар алды.
Биылғы жылы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының жеңімпазы «Қазақ халық аспаптар» бөлімінің студенті Айдос Аубакиров атанды.