2023,қараша,16 Музыкалық колледждің студенттері Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының стипендиаттары атанды
Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Осы уақыт ішінде 800-ден астам адам Қордың стипендиаттары атанды. Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми – зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет.
Стипендиаттар өз жетістіктерін екі жыл оқу барысында GPA-дың жоғары баллы бар транскриптерімен, сертификаттарымен, грамоталарымен, дипломдарымен, ғылыми жұмыстарымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен растайды.
2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған елдегі ірі коммерциялық емес қордың қызметі дарынды жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен бастамаларды дамытуға бағытталған. Жыл сайын музыкалық колледждің студенттері Қордың лауреаттары атануда.
«Стипендия тағайындауға құжаттар тапсырған сәттен бастап мен нәтижелерді жариялауды күткен күндерді санадым, қатты уайымдадым», - деп Айым өз әсерімен бөлісті Айым мен Дильназды жарқын жеңісімен құттықтаймыз, Ертіс өңірінің жас музыканттарының жетістіктерімен мақтанамыз.