2025,мамыр,04 Қазақстандағы гитара өнерінің жарқын мерекесі

2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Анатолий Фёдорович Ушаков атындағы Республикалық гитарашылар байқауы өтті. Бұл шараны «Art aspect» шығармашылық бастамалар орталығы ұйымдастырып, Қазақстан композиторлар одағы қолдау көрсетті. Байқау еліміздің әр өңірінен келген дарынды гитарашыларды бір арнаға тоғыстырып, олардың өнерін көпшілікке танытты.
Байқаудың басты мақсаты — Қазақстанда гитара өнерін дамыту, отандық композиторлардың шығармашылығын насихаттау, талантты оқушылар мен педагогтарды қолдау және музыкалық оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайту.
Байқауға алты ішекті гитарада ойнайтын 60-тан астам орындаушылар: балалар музыка мектептері мен студияларының оқушылары, орта және жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері қатысты.
Қатысушылар екі санаттың бірін таңдады: «Ақ жол» және «Шеберлік жол».
Музыкалық кешеннің жас гитаристері Павлодар облысының жетістіктерінің қоржынын келесі нәтижелермен толықтырды: Усенова Карина 8Б, Серікқызы Аянат 3А, Ағыбай Санжар 2А, Киреева Диана 7Б, Сибагатуллин Фаиль, 1 дәрежелі лауреаттар атанды, Безпалая Лариса 7Б, Низевич Артем, Татарченков Максим, Рахимов Мадияр күмісті жеңіп алды, 3 орынды Смағұлова Томирис алып келді.
Лауреаттарды дайындаған оқытушылар: А. Е. Джаманбаев , С.Н Тищенко.Н. және А. Е. Карманов.
Анатолий Фёдорович Ушаков атындағы Республикалық гитарашылар байқауы еліміздің мәдени өміріндегі айтулы іс-шаралардың біріне айналды. Бұл байқау гитара өнерінің дамуына тың серпін беріп, жас таланттардың ашылуына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, педагогтер мен орындаушылар арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты тереңдетіп, ұлттық музыка өнерін насихаттауда маңызды рөл атқарды.