2025,қазан,22 Бішкектен келген жеңіс

Музыкалық колледждің оқытушысы Қазбеков Алижaн Нұрланұлы Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен беделді халықаралық «Орталық Азия романсиадасы» байқауында І дәрежелі лауреат атанды.
Орыс романсының жас орындаушыларына арналған бұл байқау – Бішкектегі Ресей үйінің маңызды жобаларының бірі. Байқау Орталық Азия жастарының шығармашылығын қолдауға, мәдени байланысты нығайтуға, орыс және қырғыз романсы дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.
Алижан Нұрланұлын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!
Бұл жетістік – бүкіл ұжымның мақтанышы және «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені оқытушыларының кәсібилігінің жарқын үлгісі.