2025,қазан,23 МК-МК көшбасшылары «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегерлері атанды

Республика күніне орай еліміздің дарынды жастарына арналған беделді «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Аталған сыйлық — соңғы үш жыл ішінде облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде түрлі байқаулар мен олимпиадаларда, жарыстарда жеңіске жеткен, белсенділік танытып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген білім алушыларға беріледі.
Биыл бұл марапатқа Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледжінің (МК-МК) белсенді студенттері — Ибраева Дана мен Кенжебекова Елдана лайық деп танылды.
Олар арнайы награда белгісімен және 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттік сыйақымен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен табыстар тілейміз!