2024,қараша,18 Павлодарлық вокалист беделді байқаудың жеңімпазы атанды
XXIV Халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауына Қазақстан мен Өзбекстаннан 89 жас вокалист жиналды. Байқау Түркістан қаласында 15-17 қараша аралығында өтті. Байқауға қатысушылар Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, осы байқаудың тұрақты төрағасы Галина Преображенская бастаған қазылар алқасының алдында өеерлерін көрсетті. Іріктеу тыңдауы екі турдан тұрды. Байқаудың мақсаты-ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, рухани байланыстарды кеңейту, композитордың шығармаларын дәріптеу, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемге таныстыру
. XXIV Халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауы - бұл Қазақстандағы қазақ және классикалық романстарды орындаушылардың жалғыз ашық конкурсы маңызды имидждік жобалардың қатарына жатады. Отандық және әлемдік мәдениеттің үздік үлгілерін, өнердегі ұрпақтар сабақтастығын насихаттай отырып, байқау жастарды классикалық өнердің көрнекті туындыларына тәрбиелеуге ықпал етеді, әлемнің жетекші сахналарында Қазақстан мен Орталық Азия республикаларын лайықты танытатын жарқын орындаушылардың жаңа таланттары мен есімдерін ашуға көмектеседі. Байқау 2018 жылдан бастап ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан «Романсиада» халықаралық жас орындаушылар байқауының бағдарламасына енгізілген.
Конкурстың жалпы жүлде қоры 1,6 млн теңге. Халықаралық романсиаданың жеңімпаздары гала-концерт кезінде жарияланды. Бұл күні сахнада байқаудың дипломанттары мен қазылар алқасының мүшелері өнер көрсетті, олардың арасында Мәскеу романсиадасының бас концертмейстері О.Петриченко және өткен байқаулардың бірінің жеңімпазы С. Петрищев болды. XXIV Халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауының 1 дәрежелі лауреаты жерлесіміз, музыка колледжінің оқытушысы А.Н. Қазбеков атанды.