2025,қазан,30 МК-МК көшбасшылары Илья Аверин мен Дана Ибраева «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының иегерлері атанды!

Бүгін Павлодар облысының әкімі қатысқан салтанатты жиында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.
Қуанышпен хабарлаймыз, МК-МК колледжінің студенттері және белсенді көшбасшылары Илья Аверин мен Дана Ибраева өз номинациялары бойынша жеңіске жетіп, өңір басшысының қолынан лайықты марапаттарын алды.
Илья Авериннің жеңісін ерекше атап өткіміз келеді — ол «Медиакоммуникация» номинациясы бойынша тарихта тұңғыш рет марапатталған шығармашыл жастардың өкілі ретінде Прииртыш мәдениетінің тарихына медиаконтент арқылы үлес қосып отырған алғашқы жеңімпаз болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер мен шабытты жобалар тілейміз!







