2023,желтоқсан,6 Музыкалық колледждің студенттері Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының стипендиаттары атанды
![](/download/posl_sobyt2023-24/2023dec6.jpg)
Бүгін Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайын музыка колледжінің студенттері осы жобаның жеңімпаздары атанады. Биыл қордың стипендиаттары 3 курс студенттері Мэлс Айым – «Қазақ халық аспаптары» бөлімі және Жанкушукова Дильназ – «Ішекті аспаптар» бөлімі болды.
Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Осы уақыт ішінде 800-ден астам адам Қордың стипендиаттары атанды. Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми – зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет.
Стипендиаттар өз жетістіктерін екі жыл оқу барысында GPA-дың жоғары баллы бар транскриптерімен, сертификаттарымен, грамоталарымен, дипломдарымен, ғылыми жұмыстарымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен растайды.
Айым мен Дильназды жарқын жеңісімен құттықтаймыз, Ертіс өңірінің жас музыканттарының жетістіктерімен мақтанамыз.