2020,ақпан,25 Жаңа жұлдыздар жарқырайды

Күннің екінші жартысында «Фортепиано» номинациясы бойынша 13-17 жас аралығындағы жоғары топ қатысушылардың тыңдауы өтті. Конкурс қатысушылары екі турда әр түрлі сипаттағы шығармаларды орындады. Бірінші турда бағдарлама 3 шығармадан тұрды: полифоникалық шығарма, ірі форма, виртуоздық шығарма, ал екінші турда әр түрлі сипаттағы 2 пьесадан тұратын шығарма. Қатысушылар 2 турға шығарма таңдауда тапқырлық танытты, репертуарға орыс, кеңестік, шетел композиторларының бір шығармасын, ал екіншісі міндетті түрде қазақстандық композитордың шығармасын енгізді.
Бірінші турдың шығармалары ерекше қарым-қатынасқа лайық, бұл әр орындаушының визит карточкасы болып табылады. Әр қатысушы шығармалардың шеберлігін бір айдан көп дайындалғанын жақсы көруге болады. Техникалық жағынан ғана емес, түрлері, қарқын, бейнелі жағынан да тынымсыз жұмыс сезіледі. Композицияның қызықты түсіндірулері, өте күрделі бағдарлама ұсынылған. Жыл сайын конкурстық бағдарламалық талаптар тек конкурс қатысушыларына ғана емес, оқытушыларға да талапты арттырады. Біздің конкурсанттарымызға өнер жолында жеңіс пен батылдық тілейміз: БММ оқушысы Габдуллина Амина (13 жас) оқытушысы С.А. Осетрова және Рамазан Жансае (15 жас) оқытушысы Бирюкова Томара Ивановна, сондай-ақ Екібастұз қаласының Естай атындағы БММ оқушысы Нурмагамбетова Диана (14 жас) оқытушысы Дронова Светлана Николаевна; Павлодар қаласының БММ КМҚК Кондратенко Ангелина (14 жас) оқытушысы Плеханова Ольга Николаевна; Теренкөл музыкалық мектебінің оқушысы Сергеева Диана (13 жас) оқытушысы Еремеева Ирина Сергеевна. Ал біз көрермендер «Фортепиано» номинациясы бойынша жеңіс фанфарларын үлкен толқумен және ізгі ниетпен күтеміз.
Ертең, 26 ақпанда «Хор ұжымдары» номинациясы бойынша сайыс жалғасады! Естеріңізге сала кетейік, фестиваль-конкурс Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен Ммузыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-мен бірлесіп, «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысы бойынша Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын дарынды балаларды қолдау үшін өткізіледі.