2020,ақпан,25 Виртуозды көріністер мен көктемгі көңіл-күй

Салтанатты ашылудан кейін сағат 11.30-да «Фортепиано» номинациясы бойынша 7-9 жас аралығындағы кіші топтың тыңдауы басталды. Конкурсқа қатысушылар 4 шығармадан тұратын түрлі сипаттағы шығармаларды орындады: полифоникалық шығарма, ірі форма, этюд виртуоздық шығарма және қазақстандық композитордың шығармасы.
Кіші топты «Балалар музыка мектебі» МКҚК оқушысы Афонченко Максим (8 жас) (оқытушысы Костенко Лариса Валерьевна) ашты: Воодушевленная двухголосная инвенция минор И. С. Бах, солнечный «Дивертисмент» соль мажор австриялық композитор Йосифа Гайдн, неугомонный «Козленок» Али Абдинурова, виртуозды этюд К. Черни – Ж. Гермердің шығармалары қатысушы туралы жарқын әсер қалдырды. Баянауыл балалар музыка мектебінің оқушысы Әубәкір Кәусәр (9 жас), (оқытушысы Жүсіпбекова Райхангүл Қайыржанқызы) И.С. Бахтың До мажор 2 дауыстық инвенциясын, Исакованың өңдеуімен М.Ежановтың «Куанамын» композициясын айқын шабытпен орындап шықты. Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің оқушысы Бейсен Адема (9 жас) (оқытушысы Зверева Мира Борисовна) Р.Клейнмихельдің «Листок гонимый ветром» атты композициясымен көрермендерді тәнті етті. Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы Сағаттың өңдеуімен философиялық мағынада орындалды. «Балалар музыка мектебі» МКҚК-ның қатысушысы Берденова Гиляна (8 жас) (оқытушысы Розанова Наталья Федоровна) шығармалардың сипаты мен бейнелі әлемін көрсете отырып, ашық және эмоционалды ойнады, әсіресе Е. Андосовтың «Би» композициясы ұнады.
Екібастұз қаласының Естай атындағы БММ оқушысы Кобзина Амина (8 жас) (оқытушысы Осетрова Снежана Александровна) Али Абдинуровтың «Дождик» шығармасын орындады. Павлодар қаласынан келген сайыскер Төлеген Інқәр (9 жас) (оқытушысы Болатова Әсия Аминовна) оның орындауындағы американдық композитор К. Нильсеннің «Часы с музыкой» шығармасы тыңдармандарды таңқалдырды. Барлық қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылардың ешқайсысы көпшілік назарынан тыс қалған жоқ. Конкурс жалғасуда. Түстен кейін біз орта және жоғары топ оқушыларын тыңдайтын боламыз. Оларға сәттілік тілейміз. Кіші топтағы қатысушылар нәтижелерді күтуде шыдамдылық танытсын.