2020,қазан,05 Өңірдің үздік педагогтары

"Ұстаздар күні" Достық үйінде өңірдің үздік педагогтарына құрмет көрсетілді және біздің оқытушы Инна Николаевна Волкова осы марапатқа ие болғанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Павлодар облысының тарихында алғаш рет әкімдік "Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"төсбелгісін тағайындады. Оларға Ертіс өңірінің 15 үздік педагогтары марапатталды. Әрбір марапат 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақымен бекітілген,ал бұл шамамен 2,7 млн теңге. Жыл соңына дейін тағы 35 педагог төсбелгіге ие болады.
Кешен ұжымы Инна Николаевнаны шын жүректен құттықтайды және өмірдің әрқашан ең жарқын түстерге, ең керемет музыкаға және ең керемет идеяларға толы болуын тілейді. Кәсібилік, шыдамдылық және адам даналығы үшін алғыс айтамыз!