2020,қараша,04 Ұлы дала философтары

Музыкалық колледж студенттері 20 қазаннан бастап «Жұбановтық кездесулер» мәдени-білім беру жобасы аясында Абай Құнанбаев пен Әбу Насыр Әл-Фарабидің шығармашылығына арналған «Ұлы дала философтары» атты эссе, зерттеу жұмыстарының Республикалық online-байқауына қатысты. Байқау жеңімпаздарының есімдері бүгін жарияланды және байқау нәтижелері бойынша музыкалық колледждің студенттері жоғары балл алып, келесі жүлделі орындарға ие болды. «Хор дирижеры» бөлімінің 1 курс студенті Чижевская Милана «Көркем оқу» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды, ғылыми жетекшісі «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің «Тарих» пәнінің оқытушысы Р.Ж. Килаш. Бірінші орынды «Ән айту» бөлімінің 1 курс студенті Мустафина Инна және «Фортепиано» бөлімінің 1 курс студенті Таттыбекова Гульназ, 2 орынды «Эстрадалық аспаптар» Симчук Янина алды, студенттерді орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.С. Шокенова дайындады. Біз студенттердің көрсеткен үздік көрсеткіштерімен мақтан тұтамыз, өйткені байқауға республикамыздың барлық өңірлерінен колледж студенттері қатысты және ең жоғары нәтижелер музыкалық колледж бен Павлодар облысының жетістіктерінің қоржынына түсті.