2020,қараша,13 «Ресей дауысы» вокалдық байқауының жеңімпазы

Қашықтықтан оқыту кезінде музыкалық колледждің студенттері мен оқытушылары апта сайын кәсіби байқаулардан жарқын жеңістермен қуантуды жалғастыруда. 10 қараша күні «Ән салу» бөлімінің 2 курс студенті Асаинова Диляра «Ресей дауысы» Бүкілресейлік Ашық қашықтық вокалдық байқауында 2 орын алды, ұйымдастырушы – «Конкурсант» ресейлік шығармашылық технологиялар агенттігі. Диляраның оқытушысы – Казмагамбетова Малика Равильевна – жас, талантты маман, халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, студенттік жылдардан бастап музыкалық колледж бен Павлодар облысының намысын тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де қорғады.